jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    ҚМДБ өкілі Абай Бегейдің қызының некесіне қатысты пікір білдірді

    Ерлі-зайыптылар
    Ерлі-зайыптылар. Көрнекі фото: freepik.com

    ҚМДБ өкілдері әнші Абай Бегейдің қызының некесіне қатысты әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа пікір білдіріп, некені мешіт имамдары қимағанын мәлімдеді. Бұл туралы Діни басқарманың баспасөз хатшысының Facebook желісіндегі жазбасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    ҚМДБ өкілі Ағабек Қонарбайұлының мәлімдеуінше, неке қию рәсімі мешітте өтпегені анықталған.

    "Абай Бегейдің кәмелетке толмаған қызының некесін имам қимаған. Неке қию рәсімі мешітте өтпеген. Жастар мешіт ауласында естелікке суретке түскен", - деп жазды ол.

    Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қабылдаған "Мешіт имамдарының неке қию тәртібі" құжатына сәйкес, отбасы құрғысы келетін азаматтар әуелі АХАТ бөлімі арқылы заңды некеге отыруға тиіс.

    ҚМБД өкілдерінің мәлімдеуінше, нике қию рәсіміне болашақ ерлі-зайыптылардың ата-анасы немесе олардың заңды өкілдері қатысуы міндетті. Діни некеге ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің келісімі керек. Олай болмаған жағдайда мешітте діни неке қиылмайды.

    Еске салсақ, танымал әнші Абай Бегейдің ортаншы қызы Сымбатқа сүйіктісі үйленуге ұсыныс жасаған. Алайда ұсынысты жасамас бұрын күйеу жігіт әншінің қызын алып қашып кеткенін жазған едік.

    ҚМДБ өкілі Абай Бегейдің қызының некесіне қатысты пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.