jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    "Құйып қойғандай": Меруерт Түсіпбаева әріптесі Роза Рымбаеваға сыйлық жасады (видео)

    Роза Рымбаева мен Меруерт Түсіпбаева
    Роза Рымбаева мен Меруерт Түсіпбаева: instagram.com/ meruert_tusupbaeva

    Жақында Гонконгтан оралған Меруерт Түсіпбаева әнші Роза Рымбаеваға сыйлық жасады. Эстрада жұлдызы аңыз адаммен бір ғасырда өмір сүріп жатқанына қуанатынын айтқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Меруерт Түсіпбаева сыйлық табыстаған сәтін Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

    "Мен Роза Қуанышқызына сыйлық алып келдім. Осындай адаммен бір ғасырда өмір сүріп жатқаныма қуаныштымын. "Не сыйласам болады, осы кісіні қалай қуантсам болады?" деп әлемді шарлап-шарлап, бірнәрсе таптым. Ол кісіге жарасатынын білемін. Бұл сіздің стиліңіз екенін білемін. Құтты болсын, сізді жақсы көремін", - дейді Меруерт Түсіпбаева.

    Ал Роза Қуанышқызы бұл сыйлыққа риза болып, алғыс білдірді.

    "Құйып қойғандай. Шашылма дедім ғой, балаң екеуіңе жетсе болды емес пе?" , - деді Роза Рымбаева.

    Ал кадр сыртындағы дауыс костюмнің Chanel брендінен екенін айтты.

    "Құйып қойғандай": Меруерт Түсіпбаева әріптесі Роза Рымбаеваға сыйлық жасады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.