jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Біз туралы алыпқашпа әңгіме көп": Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова бірге видео жариялады

    Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова
    Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова. Видеодан кадр: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

    Көптен бері бірге көрінбей кеткен Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова желіде видео жариялап, оқырмандарымен тілдесті. Ерлі-зайыпты өздері туралы ел арасында түрлі алыпқашпа әңгімелер көбейіп кеткенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Жұлдыз Әбдікәрімова мен Қайрат Нұртас Instagram желісінде ортақ видео жариялап, елді таңғалдырды. Жұлдызды жұп соңғы кезде халық арасында өздеріне қатысты түрлі қауесеттер тарап кеткенін алға тартты.

    "Мен Қайрекең туралы түрлі әңгімелер естимін. Десе де, мен оны сөкпеймін. Қайрекең туралы ғана емес, жалпы біз жайлы халық арасында алыпқашпа әңгімелер өте көп. Бірақ біз оларды сөкпейміз", - деді Жұлдыз Әбдікәрімова. 

    Желі қолданушылары трендке айналып кеткен кидеоны түсірген ерлі-зайыптыға тәнті болып, оларға жылы лебізін білдірді.

    "Жарасып отырған тамаша жұп", "Осылай әркез қуанып, бірге қол ұсасып жүріңіздер", "Махаббаттарың баянды да, тәтті болсын", "4 баласы бар бақытты жандар", "Бақытты болыңдар", "Сүйіктілеріңмен айырылыспаңдар", "Кім не десе де, мән бермеңдер. Сендер нағыз үлгі тұтар жұпсыңдар, - деп жазуда көпшілік.

    "Біз туралы алыпқашпа әңгіме көп": Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова бірге видео жариялады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.