jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Бір ғасырға татитын ғұмыр: 95 жасқа толған Бибігүл Төлегенова мерейтойын атап өтті (фото, видео)

    Зарина Алтынбаева, Бибігүл Төлегенова мен Димаш Құдайберген
    Зарина Алтынбаева, Бибігүл Төлегенова мен Димаш Құдайберген. Фото: Instagram/zarina_altynbayeva

    Қазақ эстрадасының бұлбұлы Бибігүл Төлегенова 95 жас мерейтойын өткізді. Аңыз әнші жаңа жасын ет-жақындарымен бірге атап өткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Бибігүл Төлегенованың 95 жылдығына арналған мерекелік шара Астана қаласындағы мейрамханалардың бірінде өткен. Эстрада жұлдызын барша ағайын-туысы мен өнердегі жақындары құттықтап келген.

    Жұлдызды қонақтар арасында Димаш Құдайберген мен Зарина Алтынбаева да болды.

    "Бибігүл апайымыз осы жасқа дейін қазақ мәдениетін бұкіл шартарапқа танытып келген аңыз тұлға", - деді өз тілегінде Димаш.

    Зарина Алтынбаева Instagram-дағы парақшасында фото мен видео жариялап, көпшілікке Бибігүл Төлегенованың 95 жас мерейтойы қалай өткенін көрсетті.

    Бір ғасырға татитын ғұмыр: 95 жасқа толған Бибігүл Төлегенова мерейтойын атап өтті (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.