jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Алтынай Жорабаева алғаш рет көпшілікке кенже қызын көрсетті (фото)

    Певица Алтынай Жорабаева
    Певица Алтынай Жорабаева: Instagram.com/altynaizhorabayeva

    Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Алтынай Жорабаеваның кенже қызы Амина бір жасқа толды. Өнер иесі перзентінің бірінші мерекесіне орай оқырмандарына оның түрін көрсетуді шешкен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Алтынай Жорабаева Instagram-дағы парақшасында бұл жүктілігі туралы жақындарына хабарлаған видеосынан кейін қалың көпшілікке алғаш рет қызын көрсетті.

    Өнер иесі туған күніне орай перзентін ерекше образда киіндіріп, үйінде фотосессия жасаған. Желі қолданушылары әншінің қызына тәнті болып, оған жылы лебізін білдірген. Бірі оны Алтынай Жорабаеваға ұқсатса, енді бірі әкесінен айнымайтынын жазған.

    "Тәтті балақай. Бір жасы құтты болсын", "Көптен күткен перзентіңіздің туған күні құтты болсын. Өмір жолы ашық болсын", "Қандай сүйкімді бүлдіршін", "Анасына ұқсапты", "Анаң секілді елге сыйлы жан бол", "Әкесіне ұқсап тұр ғой", "Екеуіне де келетін секілді", - деп жазды көпшілік.

    Алтынай Жорабаеваның Stories-i
    Алтынай Жорабаеваның Stories-i. Скриншот: Instagram/altynaizhorabayeva

    Алтынай Жорабаева алғаш рет көпшілікке кенже қызын көрсетті (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.