Лондонда оқып келген Айгүл Иманбаева желі қолданушыларына пайдалы үш кеңес берді
Жарияланған күні:

Лондонда "Болашақ" бағдарламасымен оқып келген қазақстандық актриса, әнші Айгүл Иманбаева желі қолданушыларына кеңесін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Актриса Instagram желісіндегі оқырмандарына өмірге қажет үш кеңес берді.
"Бірінші – таңертең ерте тұрыңыз, спортпен айналысыңыз, дұрыс тамақтаныңыз, дұғада болыңыз.
Екіншіден, ниетіңізден, амалыңыздан, ойыңыздан, тіліңізден болатын барлық негативтен құтылыңыз, арылыңыз, күнделікті бақылауға алыңыз. Өзіңіздің не ойлап жүргеніңізді, не айтқаныңызды, қандай әрекет жасағаныңызды, барлығын бақылауда ұстаңыз.
Ал үшіншіден, кітап оқыңыз, білім қуыңыз, білім алыңыз. Білім алынбайтын қамал, қай жаста да. Биологиялық жас ешнәрсеге кедергі емес, ол сіздің миыңыздағы ғана өлшем. Ендеше дамыңыз, білім алыңыз, тоқтамаңыз. Осы үштік сіздің бойыңыздан табылып, тандем болған жағдайда сіз ала алмайтын қамал, шыға алмайтын биік болмайды. Биікке де жетесіз, бай да боласыз, бақытты да боласыз, үйлесімдікте өмір сүресіз", - деді әнші Айгүл Иманбаева.
Еске салсақ, 2023 жылы жазда 46 жастағы өнер иесі "Болашақ" стипендиясының иегері атанған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2232422-londonda-oqyp-kelgen-aigul-imanbaeva-zheli-qoldanushylaryna-paidaly-ush-kenges-berdi/
Жарияланымға реакцияңыз?
Пікірлер жүктелуде