RU
Шоубиз
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

"Кесте тігер арудың әкесі атандым": танымал қазақ актерінің тұңғышы дүниеге келді

Жарияланған күні:

Аян Өтепберген жарымен
Аян Өтепберген жарымен. Фото: instagram.com/otepbergen_ayan

Танымал актер Аян Өтепбергеннің тұңғышы дүниеге келді. Сүйінші жаңалықты актердің өзі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Сүйінші! Жаратушының қалауымен кесте тігер арудың әкесі атандым", - деп жазды Аян Өтепберген Instagram парақшасындағы stories бөлімінде.

Айта кетейік, актер Аян Өтепберген 2023 жылы ақтөбелік арумен шаңырақ көтерген еді.

Актер халық арасында 2011 жылы шыққан "Жаужүрек мың бала" фильмі арқылы танымал. Кейін "Олимп шыңы", "Қазақ елі", "Ақжауын" сынды телехикаяларға, "Рэкетир 2" филіміне түсті.

2013 жылы "Жаужүрек мың бала фильміндегі" Таймас рөлі үшін Қазақстан Жастар Одағы "Серпер" сыйлығының лауреаты атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2233131-tanymal-qazaq-akterining-tunggyshy-duniege-keldi/

Жарияланымға реакцияңыз?

Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

jitsu gif