"Жаңа тынысым": Қайрат Нұртастың келіншегі бесінші перзентін дүниеге әкелді (видео)
Опубликовано:
Қазақстандық шоу-бизнестегі танымал жұлдызды жұп Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың бесінші перзенті дүниеге келді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Қуанышты хабарды Жұлдыз Әбдәкәрімованың өзі Instagram-дағы парақшасында жария етті. Өнер иесі сәбиімен түскен видеосын бөлісіп, қалың көпшілікті таңғалдырды. Бейнежазбада алдымен актрисаның аяғы ауыр сәті көрсетіліп, кейін баласын құшақтап отырғаны көрініс табады.
"Жаңа тынысым" , - деген жазба қалдырды Қайрат Нұртастың әйелі видеоның астында.
Желі қолданушылары ерлі-зайыптыны жарыса құттықтап, ақ тілектерін жаудырды. Алайда Жұлдыз Әбдікәрімова перзентінің жынысын көпшілікке әлі де жария етпеді.
"Бауы берік болсын", "Сіздер үшін шын қуаныштымын", "Әлі босанбайды деп жүрсек. Таңғалдырдыңыз", "Мынау керемет тосынсый болды", "Ата-анасына тартсын, елге сыйлы болсын", - деп жазуда оқырмандар.
Айта кетейік, бұл Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың бесінші перзенті болды. Ерлі-зайыптының кішкентай сәбиден басқа екі ұлы, екі қызы бар.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2276568-zhanga-tynysym-qairat-nurtastyng-kelinshegi-besinshi-perzentin-duniege-akeldi-video/