jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Жұлдыз Әбдікәрімова желіде жаңа туған нәрестесімен бірге түскен әсерлі видеосын жариялады

    Жұлдыз Әбдікәрімова сәбиімен
    Сәбиін көтеріп тұрған Жұлдыз Әбдікәрімова. Видеодан кадр: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

    Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram желісіндегі парақшасында жаңа туған нәрестесімен бірге түскен видеосын жариялады. Актриса оқырманына бесінші перзентінің ұл әлде қыз екенін әлі айтқан жоқ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Енді менің бесінші періштем бар", - деп жазылған видео сипаттамасында.

    Кадрларда Жұлдыз Әбдікәрімованың жүкті кезі және нәрестесін босанып алғаннан кейінгі сәтінен үзінді көрсетілген.

    Нәрестенің ұл әлде қыз екенін актриса әзірге құпия ұстап отыр. Ал желі қолданушылары сәбиді қыз деп болжап отыр, өйткені олар видеодан ақ және күлгін түсті гүл шоқтарын байқаған.

    Сондай-ақ кей желі қолданушылары Жұлдызға ақ тілегін жаудырып, қуанышымен құттықтап жатыр.

    Айта кетейік, Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың кішкентай сәбиден басқа екі ұлы, екі қызы бар.

    Жұлдыз Әбдікәрімова желіде жаңа туған нәрестесімен бірге түскен әсерлі видеосын жариялады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.