jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Көз алдарыңызда арықтаймын": актер Рамазан Амантай желіде артық салмақтан арылуға уәде берді

    Рамазан Амантай
    Рамазан Амантай. Фото: instagram.com/ramantay

    Белгілі қазақстандық актер, кинопродюсер Рамазан Амантай соңғы 10 жылда 88 кг салмақ қосқанын айтты. Ол желіде таразыға тұрып, салмағын өлшеген сәтінен видео жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Актер таразыға тұрып, салмағын өлшеді.

    "158,5 кг... Болды, тоқтау керек. "Осы бала ауырмай ма" деп сіздер де уайымдап кеттіңіздер. Ауырған ештеңем жоқ. Жай ғана өзімді жеңе алмай, еркелеп жүргенім болмаса... Өзімді-өзім қолға алатын уақыт келді. Ата-анам да, жақындарым да, бәрі уайымдай бастады. Бастау керек", - дейді ол Instagram желісінде жариялаған видеосында.

    Актер осыдан 10 жылдан астам уақыт бұрын түскен "Бизнес по-казахски" фильмінде қандай болғанын суреттен көрсетті. Айтуынша, араға уақыт салып, шамамен 88 кг салмақ қосып алған.

    "Ештеңе етпейді, талай қиындықты жеңіп жүрміз. Алланың қалауымен бұны да жеңеміз. Сіздердің көз алдарыңызда семірдім, енді көз алдарыңызда арықтаймын. Осы сәтті өздеріңіз де күтіп жүрген шығарсыздар", - деді Рамазан Амантай.

    "Көз алдарыңызда арықтаймын": актер Рамазан Амантай желіде артық салмақтан арылуға уәде берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.