jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова тойда бидің түбін түсірді (видео)

    Жұлдыз Әбдікәрімова мен Қайрат Нұртас
    Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова. Видеодан кадр: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

    Желі қолданушылары Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың көптен бері алғаш рет бірге жүргенін байқады. Жақында бесінші сәбиі дүниеге келген жұп сырт көзге бақытты көрінді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Жұлдыз Әбдікәрімованың отбасында үлкен той болды – төркіні келін түсірді. Тойға Қайрат Нұртас пен әкесі барған. Екеуі де жас жұбайлардың құрметіне өнер көрсетті. Жұлдыз Әбдікәрімованың Instagram желісіндегі парақшасында отбасылық шарадан фото, видео жарияланды.

    Кадрлардан Қайрат пен жұбайының ортаға шығып, жас жұбайларға тілек білдіріп жатқанын, сосын көңілді әуенге билегенін көруге болады.

    Жұлдыз Әбдікәрімова кештің ханшайымы болды, ол өзіне шап-шақ, әдемі жарасатын, иығы ашық қызғылт сары көйлек киген, Қайрат үстіне қою қызыл жейде киіп, өзгермейтін аксессуары - қара көзілдірігін тағып алған.

    Жақында бесінші сәбиі дүниеге келген ерлі-зайыпты сырт көзге өте бақытты болып көрінді, осылайша олар ажырасып кетті деген қауесетке нүкте қойылды.

    Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова тойда бидің түбін түсірді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.