jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Қарасаң көзің тояды": Жұлдыз Әбдікәрімова желіде жаңа үйінің ішін көрсетті (видео)

    Жұлдыз
    Жұлдыз Әбдікәрімова. Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

    Қайрат Нұртастың жары, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа үйінің ішін Instagram-дағы оқырмандарына аралап көрсетті. Желі қолданушылары оның талғамын жоғары бағалап жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Жұлдыз желідегі оқырмандарына жөндеу жұмыстарының қалай аяқталып жатқанын көрсетті. Ол бұл жұмыстармен жүкті кезінен бастап айналысқан. Актриса соның нәтижесін қуана-қуана, зор мақтанышпен бөлісті. Дегенмен, оның айтуынша, бұл – үйге шолудың бастамасы ғана.

    Жұлдыз желіде жариялаған видеосында үйдің дәлізінен бастап, қонақ бөлмені, қонақтарға арналған жуынатын бөлмені және жатын бөлмесін көрсетті.

    Кең сарайдай үйдегі барлық дүние – қабырға, жиһаз және перделер ашық және жылы реңкте. Актриса интерьердегі кей элементтерге ерекше көңіл бөлген. Мысалы есік тұтқалары ағаш бұтақтары түрінде тапсырыс бойынша жасалған.

    Ең таңқаларлығы – Жұлдыздың бөлмесінде бұрыш жоқ. Актриса әйгілі испан сәулетшісі Антони Гаудидің шығармашылығынан шабыт алғанын атап өтті.

    Желі қолданушылары Жұлдыздың үйінің интерьер дизайнына тәнті болды.

    "Өте керемет құтты болсын, іші жақсылыққа толы болсын", " Өте әдемі! Осы үйде өніп-өсіп,бақытты болыңыздар, Жұлдыз ханым", "Құтты,берекелі, мерекелі шаңырақ болсын", "Бақытқа толы, берекелі үй болсын! Қарасаң көзің тоятын үй болыпты", - деп пікір қалдырған желі қолданушылары.

    "Қарасаң көзің тояды": Жұлдыз Әбдікәрімова желіде жаңа үйінің ішін көрсетті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.