Гүлзира Айдарбекова Мальдив аралдарынан оралған Қайрат Нұртас пен оның отбасын құшақ жая қарсы алды
Опубликовано:
Читать на русском
Продюсер Гүлзира Айдарбекова желіде ұлы мен келіні және немерелерімен қауышқан сәтінен видео жариялады. Продюсердің үлкен ұлы – әнші Қайрат Нұртас және оның отбасы Мальдив аралдарындағы демалысынан оралды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қайрат Нұртастың анасы Мальдив аралдарынан ұшып келген ұлын, келінін және немерелерін қалай қарсы алғанын айтып берді. Айдарбековтер отбасы балаларының келуіне орай мол дастарқан жайып, сыйлықтар дайындаған.
"Бүгін бала-шағамыз Мальдив аралдарынан демалыстан келіп, басымыз қосылып мәре-сәре болып жатырмыз. Төрт көзіміз түгел, амандықпен жүздесу де бір бақыт!
Барлығы көріп жүрген күлімсіреу – шындықтың бір бөлігі ғана. Қалғанын өмір өзі сөйлетеді. Өмір кейде тыныштықты дауыссыз сынайды. Түсінген адамға-жеткілікті", - деп жазды Гүлзира Айдарбекова.
"Бақытты отбасы", "Жұлдыз келді, үй бірден жарқырап шыға келді", " Осындай сәт болса екен деп тілеуші едім. Гүлзира замандас өте көреген, ақылды жан екеніңізді көрсеттіңіз. Қайратты да, Жұлдызды да қатты жақсы көремін. Қайрат сондай ақкөңіл. Отбасымен бірге жүрсінші әрдайым. Жүрегін кірбің шалмасын. Алтыншы баласы егіз ұл болып, жеті баласы болсыншы деп тілеймін", "Жұлдызды әрқашан қасыңызда көргіміз келеді", - деп жазды Instagram қолданушылары.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2330341-gulzira-aidarbekova-maldiv-araldarynan-oralgan-qairat-nurtas-pen-onyng-otbasyn-qushaq-zhaia-qarsy-aldy/