"Бес жыл іштім": желіде танылған тиктокер ішкілікке салынған жылдарын еске алды
Опубликовано:
Әлеуметтік желіде өзінің күлкілі контентімен танылған блогер, тиктокер Ерсін Есенаман Abylaikhan Omirbay YouTube арнасына сұхбат берді. Ол блог жүргізудегі мақсаты, жарнамадан табатын табысы мен негатив пікір жазатындарға қатысты бар ойын ашып айтты.
"Экономика факультеті, қаржы мамандығын бітіргем. 2007 жылы түстім грантқа. Қазір білмеймін енді, бұрын біз оқыған кезде "ауыл" квотасы деген болатын, "жетім" деген квота. Сонымен түсіп кеттік", - дейді ол.
Блогер Ерсін Есенаман неліктен ұлттық университеттің дипломымен жұмыс таба алмай, мамандығына қатысы жоқ жұмыс істеп кеткенін де жасырмады.
"Одан кейін өмірім қиын боп кетті ғой. Содан кейін ҚазГУ-дың дипломымен пойызда жұмыс істедім. Тұран-Экспрессте. Ол жақта атымды ауыстырдым ғой мен. Ол жақта Ануар деген атпен жүрдім. Ұялдым, білмеймін, ауру болдым ба", - дейді ол.
Әлеуметтік желіде белсенділігімен танылған блогер ішкілікке салынып кеткен кезін де еске алды. Айтуынша, соның зардабын күні бүгінге дейін көріп келеді екен.
"Енді депрессия болды ол кезде. Қазір айта беретін болдық қой депрессия деп. Жалғыздықты сезіндім. Бауыржанмен тұратын кез ғой ол кез. Шаршап кеттім мен. Бір қабырға тұрған сияқты болды. Ештеңені көрмеймін, тамақ ішемін, тұрамын. Ол кезде арақ ішпеймін. Бауыржан жұмыс істейді ол кезде ГРЭС-те. Ол жата бер, жұмыс табылады деді. Қуса, баяғыда кетіп қалар едім. Ол да жата бер дегесін еркелеп, сол жақта қыдырып жүріп, әйтеуір, тапқан адамдармен ішіп жүрдім. Орыс, ұйғыр, қазақпен іштім. Әр түрлі жаста, неше түрлі адаммен іштім. Менің харизмам ұнады оларға. Мен ішсем, қазіргіден де күшті отырамын. Бес жыл іштім. Арасында қыста аз іштім, негізі жазда іштім. Соның салдарынан денсаулық нашарлап қалды. Қазір соның зардабын тартып жатырмын. Менімен ішкендердің төрт-бесеуі өліп қалған екен", - деді Ерсін Есенаман.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2338155-bes-zhyl-ishtim-zhelide-tanylgan-tiktoker-ishkilikke-salyngan-zhyldaryn-eske-aldy/