jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Махаббаттарыңызды сеземін": 72 жасқа толған Нағима Есқалиева тыңдармандарына алғысын айтты

    Нағима Есқалиева
    Нағима Есқалиева. Фото: instagram.com/nagima_yeskaliyeva

    Танымал қазақ әншісі Нағима Есқалиева бүгін, 3 ақпанда 72 жасқа толды. Осыған орай Қазақстанның халық әртісі тыңдармандарына алғысын айтып, әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Бүгін менің туған күнім! Өмірдің әсемдігі үшін және жолықтырған жандарым үшін алғыс айтамын – әрқайсыңыз мен үшін маңыздысыз.

    Әсіресе жылы сөздеріңіз бен қолдауларыңыз үшін сіздерге үлкен рақмет. Мен бұл парақшада жиі көріне бермеймін, бірақ әр шыққан сайын махаббаттарыңызды сеземін. Үлкен рақмет!" - деп жазды Нағима Есқалиева.

    Желі қолданушылары әншіні туған күнімен құттықтап, жылы лебіздерін жазып, ұзақ ғұмыр тіледі.

    "Туған күніңіз құтты болсын, Дива! Ұзақ, бақытты ғұмыр кешіңіз!", "Туған күніңіз құтты болсын Нағима Қабдолқызы! Сізге мықты денсаулық және бақыт тілеймін!", Туған күніңіз құтты болсын Примадонна! "Туған күніңізбен, Нағима ханым! Аман болыңыз! Келін түсіріңіз отаныңызға! Абылай балаңыздың рахатын көріңіз! Немере-шөбере сүйіңіз! 100 жасаңыз!", "Туған күніңізбен құттықтаймыз, бақытты, ғұмырлы болыңыз", "Сізді жақсы көреміз, жаңа әндеріңізбен қуанта беріңіз", - деп жазған желі оқырмандары.

    "Махаббаттарыңызды сеземін": 72 жасқа толған Нағима Есқалиева тыңдармандарына алғысын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.