jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Әнші Жазира Байырбекова Таяу шығыстан елге жете алмай отырғанын айтты

    Жазира Байырбекова
    Жазира Байырбекова. Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova/

    Таяу шығыс елдеріндегі қақтығыстың ушығуына байланысты әнші жұп Жанболат пен Жазира Дубайда қалып қойған. Жазира Байырбекова желіде жазба жариялап, елге жете алмай отырғанын айтты. Өнер иелері қазір Оман астанасы Маскат қаласында. Осыған байланысты олар алдағы күндерге жоспарланған концерттері кейінге шегерілуі мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Әнші Жазира Байырбекова Instagram-дағы парақшасында өздеріне амандық тілеп, алаңдап хабарласқан барша желі қолданушыларына алғыс білдірді.

    "Direct пен WhatsApp-қа келген көптеген хаттарға жауап ретінде сторисқа қысқаша видео жариялаған едім. Ол видео түрлі әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарына тарап кетіпті. Ешкімді уайымдату ниетіміз болған жоқ, тек жағдайымызды сұрап жатқандарға жауап ретінде салған едік.

    Қазіргі таңда біз Оман астанасы Маскат қаласына өттік", - дейді әнші жазбасында.

    Айтуынша, олар әлі елге жете алмай отыр.

    "Елшілік өкілдерінің мәліметінше, елден жіберілетін арнайы ұшақтарға аяғы ауыр әйелдер, 1–2 топтағы мүгедектігі бар азаматтар, 5 жасқа дейінгі балалар және қарттар отырғызылады екен. Заң солай екен.

    Біз алты адамбыз және бұл санатқа кірмейміз. Сондықтан әзірге өзге елдер арқылы ұшу мүмкіндіктерін күтіп отырмыз.

    Елімізде жоспарланған мемлекеттік және жеке концерттерімізге билет алған көрермендерден кешірім сұраймыз.

    Егер сіз билет алған концертке үлгермей жатсақ аман-есен жеткен соң басқа күнге ауыстырамыз", - делінген жазбада.

    Әнші Жазира Байырбекова Таяу шығыстан елге жете алмай отырғанын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.