Дубайда қалып қойған Жанболат пен Жазира елге аман-есен жетті
Опубликовано:
Таяу Шығыстағы геосаяси ахуалдың ушығуына байланысты елге қайта алмай қалған әншілер Жанболат пен Жазира Стамбұл арқылы елге жетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бұл жаңалықты әнші Жазира Байырбекова Instagram желіcіндегі парақшасында мәлім етті. Жұлдызды жұп отбасымен Дубайдан Маскатқа, кейін Стамбұл арқылы Астанаға жеткен.
"Аллаға шүкір, елімізге аман-есен оралдық. Барлығы Алланың қалауымен болды. Әр кез тілекші болып, уайымдап хабарласып жатқан барша жанға үлкен рақмет. Алла баршамызды амандықта, тыныштықта ұстасын", - деп жазды ол.
Өнер иесі жариялаған видеодан олар ұлы мен келіні, кенже қызымен бірге елге қайтқанын байқауға болады.
Видеодан Жазира Байырбекова елге оралған кездегі сезімін айтты.
Кеден қызметкерлері өнер жұлдыздарын "елге аман-есен оралғандарыңызға қуаныштымыз" деп қарсы алған сәтте әнші жылағысы келгенін айтты.
Еске сала кетейік, бұған дейін өнерлі жұп Таяу шығыстағы жағдайға байланысты елге жете алмай отырғанын айтқан еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2350998-dubaida-qalyp-qoigan-zhanbolat-pen-zhazira-elge-aman-esen-elge-zhetti/