"Сөзбен жеткізе алмай тұрмын": Дубайда оқитын Тұрсынбектің қызы елге оралды (видео)
Опубликовано:
Дубайда оқитын Тұрсынбек Қабатовтың қызы елге оралды. Оның анасы Мөлдір Мұқан қызын әуежайдан күтіп алған видеосын жүктеп, қуанышын жасыра алмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Мөлдір Мұқан әлеуметтік желіде өзінің уайымы туралы жазды. Ол қызын әуежайдан күтіп алғанын және қатты қуанғанын жеткізді.
"Бұл қуанышымды сөзбен айтып жеткізе алмай тұрмын. Адемогым аман-есен үйге жетті. Әлемде тыныштық болсын!" - деп жазды ол.
Бұл оқиғаға желі қолданушылары да қуанышты екенін жасырмады.
"Бірден Тұрсынбектің сторизін қарап кетіппін ғой. Қызын қарсы алуға шықты ма деп", "Жаным, көзіме жас келді", "Қазақстанда оқи беріңдерші мына заманда", - деп жазды желі қолданушылары.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2351235-sozben-zhetkize-almai-turmyn-dubaida-oqityn-tursynbekting-qyzy-elge-oraldy-video/