"Келіндеріме ризамын": Динара Сәтжанның енесі оның қандай келін екенін айтты
Опубликовано:
Динара Сәтжанның енесі Жақсыгүл Жанықұлова оның қандай келін екенін айтты. Ол бұл туралы Jibek Joly телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Телеарна жүргізушілері көпшілік енесі мен келіні Динараның бір-біріне қатты ұқсайтынын тілге тиек етті. Сонымен бірге ол келіндеріне риза екенін де айтып қалды
"Көпшілік айтып жатыр ұқсайды деп. Алланың солай жаратқаны шығар. Динараға ризамын. Балаларының қызығын көрсін, қосағымен қоса ағарсын. Өмірде әр түрлі жағдай болады. Шүкір, жаман өмір сүріп келе жатқан жоқпын. Соның жалғасы. Балаларына ие болып, әр уақытта қуанышта жүрсін. Ішіндегісін жасыра алмайтын, ашық айтқысы келетін жан. Ақкөңіл. Әйел болғасын, ана болғасын сабыр сақтау керек. Төзімділіктің арқасында осындай дәрежеге жетіп отыр... Келіндеріме ризамын. Турасын айтады. Түсінетін кезінде түсінемін. Басқа жағдайларда ақылымды айтамын. Соны тыңдап жүрген келіндеріме ризамын", - деді ол.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2353824-kelinderime-rizamyn-dinara-satzhannyng-enesi-onyng-qandai-kelin-ekenin-aitty/