RU
Шоубиз
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Өз концертінде шу шығарған Төреғали Төреәлі сотталуы мүмкін (видео)

Жарияланған күні:

Төреғали Төреәлінің өз концертінде шығарған дауы әлі де басылар емес. Әнші қарияны залдан қуғаннан бөлек оған шамасы жететінін айтып, жекпе-жекке шақырғандай сыңай танытқан деп хабарлайды Еуразия арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

« «Раз на раз» алып қоямын ғой жаңағыны. Мыңмен аламын ғой «раз на раз любойын» »,- дейді шулы видеоның соңында ашулы Төреғали.

Аталған дауды қазақстандықтар әлі де қызу талқыға салып жатыр. Тіпті Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы бұл оқиғаға қатысты өз тараптарынан шара қолданылатыны туралы ескертті.

Ал заңгерлер болса залдан қуылған қарттың әншінің үстінен шағым түсіруге құқылы екенін айтуда.

«Егер жәбірленуші тарап Төреғали Төреәлінің үстінен шағым-арыз түсіретін болса, қылмыстық жауапқа әнші тартылады. Тергеу амалдарының барысында екі жақ татуласатын болып, бейбіт келісімге келсе Қылмыстық Кодекстің 68 бабы бойынша іс қысқартылады»,- деді заңгер Еркебұлан Алпысбеков.

Еске салсақ, Төреғали Төреәлінің өткен апта Павлодар қаласында өткен концертінде залдағы көрермен мен әншінің арасында дау туындаған. Өзіне қатысты айтылған қатаң сынға ашуланған Төреғали тыңдарманынан залды босатуды талап еткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/scandals/1709910-z-koncertinde-su-sygargan-tregali-treli-sottaluy-mmkin-video/

Жарияланымға реакцияңыз?

Соңғы пікірлер

Барлық пікір саны: 29

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

Аноним

Жұлдыз ауруына шалдыққан ғой. Кішкене емдеу керек. Əкесі де сабыр сақтап ана баласын дұрыстап тəрбиелеу керек.

Comment reaction

Аноним

Бұл шудың түбінде үлкен бір былық жатыр?!

Comment reaction

Аноним

Шоу ғой бұл Постановка Не үшін екені түсініксіз бірақ бұл шоу

Аноним

Бүгінгі таңда кейбір өнер адамдары әдептілік шеңберінен шығып кетіп жүр. Бұрын жағдай қалай еді. Алдымен конферансье сахнаға шығып, қандай ән айтатынын хабарлайды. Содан кейін әнші адам сахнаға шығып, өнерін көрсетеді. Әнін айтып болғасын жұртқа басып иіп, әрі қарай кетіп қалады. Қазіргі уақытта әншілер мен әртістер сахнаны базарға айналдырып жіберді. Сахнада тұрып алып залда отырған адамдармен сөйлеседі, музыка ойнап тұрған кезде қорбаң-қорбаң етіп билейді, ыржақтап күледі. Өзінің әніне өзі қол соғады. Төреғали да осындай қателікке ұрынды. Сахнада тұрып өзінен үлкен кісіге дауыс көтерді. "Элементарная этика" дегенді сақтамады. Төреғали секілді өнерпаздарды сахнаға жібермеу керек. Өйткені, мұндай азаматтар елге ешқандай пайда бермейді.

Аноним

тореали уят

Аноним

Біздің назарымызды әдейі осы іске аударып отыр, ЗГАЧИТЬ УЛКЕН маселеден бізді бұрып тұр бірдеңе болып жатыр күрделі халықтың ойын бұрып тұр

Аноним

Дұрыс! Сотталсын! Сонда мәдениетке үйренеді

Аноним

Халайық қандай кешірім.жауап берсин айткан создерине. адам емес.

Аноним

шеритип кулатам сени торегали.

Аноним

халқым кешірімді болайық,қатесін түсініп кешірім сұрады ғой,енді бұл әнгімені тоқтату керек,ешкімнің басы жарылған жоққой,көп сөз,басқа да шешілмеген , сұрақтар бар,соны айтайық,бағаның өсуі сияқты ,тамаққа тағы басқаларға

Аноним

Даусы да жоқ бір жүрген ыңылдауық қой мынау. Саханадан әлдеқашан аластату керек бұны. Күлкісі мен сөздері халықты сыйламайтыны үнемі көрінеді.

Аноним

раз на раз деп шалға айтып отырма мынау? Любойын алып коямын деп озіне коп алып отыргой.

Аноним

Койшы болар енди урыстык кой енди дурыстап сойлер. Соттаганы неси?Койындар болашагына балта шаппандар.

Аноним

Баскага сабак болатындай жазалансын! Екинши рет сахнанын кудиретин тусинер

Аноним

Не дурыс!

Аноним

Бизде улкенге изет кишиге курмет деген кетип барады Киели сахнанын санин ,касиетин ,мадениетин багаламай журген жулдызсымактарды мулдем аластатса екен

Аноним

Бала гой али сөйлеу ди билмейтин

Аноним

Төреғали сен жүнжіме. Халықтың көңілі ДАРИЯ, ол кешірімді! Келесіде еріккен сарттың ермегін қайталамасаң болғаны.

Аноним

10- жылға сотталсын .

Аноним

Сени солай ету керек!

Аноним

"Семіздікті қой ғана көтереді". Бұрынғы қазақ əрдайым тауып, əрі дəл айтқан ғой. Шіркін, Нұрғали Нүсіпжановтар қандай еді! Оларға деген қошамет қазіргілерге қарағанда мың, миллион есе көп , өте жоғары еді. Бірақ олар оған еш асып-таспады. Қазіргі даңғойларға кімдер баратынын түсінбеймін.

Аноним

Видеоны анықтап қарасаңыз ол тек қана қарияны қуған жоқ, келген көрерменге де қаратып айтты емес пе, сахнада жалғыз өзін қалдырып бəрі шығып кету керек еді. Сөзін сөйлеп жазып жатқан əншілерге таң қаламын. Кешірім сұрағандағы түрін анықтап қараңыздар, ауырса, жүйкесі тозса халықтың алдына шықпасын. Əлі де кінəсін мойындағысы келмей тұрған сияқты, дəрігердікі тіптен ұят.

Аноним

Өз-өзіңді жүндей түт, елге күлкі есекке таң болып! ал осыны қолдан ұйымдастырған сұм қолын ысқылап, "қанды басың бері тарт " деп қуақыланып, қуланып отырған болдар!? Өзгелерде не болып жатса да "өз ішінде "қалып жатыр, қазақты ойрандаудың кезекті амалы!

Аноним

Реально таяқ жейін деп жүрген бала ғо

Аноним

Сабақ болсын ана балағат сөз естіген адам сотқа беріп 10 млн-моралдық сұрасын

Аноним

Соттасып ырылдасып, ақшаға шашылып, нерв, уақытыңды жоғалтып, екі ортада сабылып не керек? Төреғали келді деген жерлерге бармау керек, болды. Бойкот жариялау керек, как Ленин. Көрейік содан халықпен қалай санасу керек екенін әкесі екеуі.

Аноним

халық пен сахна киелі екенін ұмытпа әншісымақ.сен сол екеуінің арқасында талтаңдап жүрсің

Аноним

еееееееее, кутырынган бала халыкпен алысып не коринди, енди балабакша, мектеп ашып бер халыкка, иттер деп алыса бермей, психология мен касиби аншиликти окып уйрен, китап оку керек

Аноним

Еще по разам шакырганба не смеши меня тореали

jitsu gif