jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Сәкен Майғазиев "жезөкшелерді" қамшымен сабаған Жан Ахмадиевтің әрекетін қолдап шықты

    : UGC

    Соңғы күндері ғаламторды дүр сілкіндірген Жан Ахмадиевтің әрекеті қазақ өнері өкілдерінің де құлағына жеткен. Қамшымен Сейфуллин көшесінің бойындағы жезөкшелерді сабаған атышулы рэпердің қылығына қатысты Сәкен Майғазиевтің айтары бар.

    NUR.KZ тілшісіне сұхбат берген әнші: «Ахмадиевті қаралған халық, әуелі «қамшы» сөзінің қадірін түсініп алса» - дейді.

    Сәкен Майғазиев елді шулатқан Жан Ахмадиевті қолдап шықты
    Сәкен Майғазиев елді шулатқан Жан Ахмадиевті қолдап шықты: UGC
    «Қазақта сөз бар: «Қатын тонды ки, жыныңды қағып алайын» дейді. Яғни, қамшымен әйелін, адал жарын аяғандықтан ұрып жатыр. Қамшының ілулі тұруы, жын-шайтаннан қорғауы ол қазақта бар дүние. Егер сен әйелді жай ғана ұрсаң, сен оның жын-шайтанын қақтың деген сөз. Ол міндетті түрде көк ала торғайдай қылып сабау емес.

    Ол жерде Жан Ахмадиевтің көрсеткісі келгені сол шығар деп ойлаймын. Мен ол бауырымды сонша қорғаштап жатқан жоқпын. Төреғали Тәшенов деген ағамыздың «Қамшы» деген өлеңі бар. Сол қамшыны оқыңыздар, сосын барып қамшының қасиетін, қадірін қазақ неге пайдаланды? Соны білсек, Жан Ахмадиевке ренжімеген болар едік.

    Бәріміз аяқ астынан ақылды болып шыға келдік. Онда тұрған ештеңе жоқ. Ол да бір адамның назарын аудару. Жігіттердің де намысын қайтару деп, мен өз басым қатты ренжіген жоқпын. Мақтамаймын да, жақтаймаймын да», - дейді Сәкен Майғазиев.

    Қазнетте қызу талқыға түскен мәселеден кейін, құзырлы органдар Жан Ахмадиевтен жауап алып, соңында таяқ деген нәзік жандылардың бірі өзінің әйелі, өзгесі таныстары деген тоқтамға келген болатын. Бұл тақырыпты Сәкен Майғазиев өзінше топшылайды.

    «Ал әйелімді түсірдім дегені, мен оның ақталғаны шығар деп ойлаймын. Өйткені біз бірдеңе болса, заңға жүгініп, тісімізді батырып, тіземізді батырып, сол Жан Ахмадиевті тығырыққа тіредік. Ол амал жоқ, өзінің тапқан айласы деп ойлаймын. Ол әйелі емес, шын мәнінде барып жасаған болуы да мүмкін.

    Кейбір БАҚ өкілдері: «Жан Ахмадиев құзырлы органдардан қорыққанымен, осындай бір амалға көшті» деп айтуы да мүмкін. Мен де солай ойлаймын. Шынында, қамшымен таяқ жеген қыздардың еш жері көгерген де жоқ. Өздеріңіз көргендей жай қамшымен ұрып, әрекет жасады. Оларды қатты көк ала торғайдай қылып сабаған жоқ.

    Егер заң жүзінде сол қыздар арыз жазатын болса, «Жан Ахмадиев сотталып кетуі мүмкін» - деген қорқынышпен, тығырыққа тірегендіктен амал жоқ, ол басқа жолын табуға кірісті. Бірақ әйелін сондай образға кіргізуге мен келіспес едім. Біз соған мәжбүрледік», - дейді «Музарт» тобының әншісі.

    Сондай-ақ, Сәкен жезөкшелерді де, оларды қорғаштаған халықты да сынап тастады.

    «Біреулер айтады жезөкшелікке мәжбүрлікпен барған шығар деп. Сонда мәжбүрлікпен тәнін сатып бару керек пе? Ыдысын жу біреудің, малын бақ. Баласын бақ. Қазір істеймін деген адамға жұмыс жетеді. Тәніңді сатып, арыңды сатып, көрінгеннің астына жатып, ақша табу деген емес.

    Неге ол басқа жолмен таппайды? Сондай жағдай.

    Ал Жан Ахмадиевке мен бұл орайда қатты ренжімеймін. Ол бір қадам жасады. Жан Ахмадиевтің қадамы біраз дүмпу тудырды, назарын аудартты.

    Кейбір жігіттерге ой салды. Кейбірі ондай қадамға бармас үшін, ойландыратын да жағдай жасады деп ойлаймын», - деп Майғазиев сөзін түйіндеді.

    Сәкен Майғазиев "жезөкшелерді" қамшымен сабаған Жан Ахмадиевтің әрекетін қолдап шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.