Ерке мен Төреғалиды жұлдыз қылған сазгердің адам зорлағаны рас па?
Жарияланған күні:
Осыдан біраз уақыт бұрын шалқарлық ер адам өзін танымал сазгер Құрал Молжанов 6 жыл бұрын зорлады деп айды аспаннан бір шығарған болатын. Енді Ерке мен Төреғалиді жұлдыз қылған сазгердің үстінен қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Қазіргі уақытта Құрал Молжановқа қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Оның жерлесі сазгердің жыныстық қатынасқа күштеп тартқанын айтып жергілікті БАҚ-қа сұқбат берген. Қыдырбай Сүйінов есімді шалқарлық жігіттің көмек сұраған өтініші жарияланған болатын. Бірнеше жыл бұрынғы қорлықты ұмыта алмай жүргенін айтқан ер адам көпшіліктен психологиялық көмек сұраған.
"Ол 2002-2003 жылдары болған оқиға. "Алло" деген өлеңді шығарған Құрал Молжанов мені жыныстық қатынасқа тартты. Мен ол кезде ешкімге айта алмадым. Бірақ әлі күнге дейін ер адамдардан қорқамын. Кешегіде менің тік ішегіме медициналық экспертиза жасалынды. Маған тазасың, пәксің деп жазып берді. Олай болуы мүмкін емес. Мен біткен адаммын. Маған көмек керек, табалайтындар көбейіп кетті",-дейді Қыдырбай Сүйінов.
Басылымға шыққан сұқбат бойынша Ақтөбе облысы Шалқар аудандық ішкі істер бөлімімен қылмыстық істің тергеу амалдары жүріп жатыр.
Ал сазгер бұл мәлімдеменің өзіне ұйымдастырылған жала екенін алға тартуда.
"Ертең оның бәрі дәлелденеді. Бұл әрекетті біреулердің маған қарсы жасап жатқан әрекеті деп ойлаймын. Мен оның маңына ешқашан жоламаған адаммын. Осы жағдай үшін Шалқарға келе жатырмын. Ішкі істер бөлімі қарап жатыр. Аманшылық болса сол жерде жауап беремін. Оған біреу жасатып отыр", - дейді Құрал Молжанов.
Шалқарлық Қыдырбай Сүйінов NUR.KZ-ке берген сұқбатында қаржыдан қысылған кезінде 500-1000 теңге үшін төсек қатынасына барғанын айтып берген болатын.
"Ол адам туралы Шалқардың бәрі біледі. Әр жерге барып әртүрлі әңгіме айтады. Оны мен түсінбеймін. Менен іштей күдіктенетін адамдар бар. Бірақ бәрі анықталатын болады. Толық дәлел болмаған соң нақты бірдеңе айту қиын. Шешем ол баланы сотқа беруді сұраған. Бірақ, мұндай ұсақ-түйекпен соттасып жүретін менің уақытым да жоқ. Ол ер адам емес пе? Мен оны қалай жыныстық қатынасқа тартам", - дейді Құрал Молжанов.
Сазгер іс бойынша жауап беруге Шалқар ауданына бара жатқанын хабарлады. Және осы мәселеге қатысты NUR.KZ-ке бөлек сұқбат беруге уәде берді.
Ескерту! Редакцияның рұқсатынсыз көшіріп басуға тыйым салынады!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/scandals/1730671-erke-men-tregalidy-zldyz-kylgan-sazgerdi-adam-zorlagany-ras-pa/
Жарияланымға реакцияңыз?
Соңғы пікірлер
Барлық пікір саны: 6
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.
Сендейтін жағдай екеен. Ана жала жауып отқан баланың озін соттап, псих больницаға жауып қою керек.
Қаракөз
Қазақ сорлы бар болсаң көре алмайт. Жоқ болсаң бере алмайт. Не болды маңдайы жанып сазгер атанып жұлдыз болған екен,аяғынан тартып. көре алмай жаткан жандар болса оздеринде осылай жумыс жасасандаршы сендерге ешким кой деп тыйым салып жаткан жоккой.
Алтынчик
Ай ,Алла сақтай көр. Мұндайда болама ? Ер мен ердің дауы зорлық жөнінде. Мен осы композитордың тойының суретін көргенде əйелінің хиджаб киенін байқап,өзі де намаз оқитынын түсіндім. Бірақ түрі арамдау жігіт сияқты көрінді бірден. Ұната қоймадым. Əрине,адамның сыртына қарап ,ішінде қандай ойы,адамгершілігі,адалдығы жатқанын білмейміз ғой. Артынан Мына дау шыққасын,есіме түсіп кетті
Nuruch
Не болып кетті Құдайым ау ақырын бере көр.
галеке
маскара
Тимурлан
əркімге жала жабатын ауру балағо, таныймын. еркекті бір екі алқаштар зорлау мүмкін. бүкіл шалқар зорлады деп жала жапқаны басқа қонбайды.
Манат77