jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Танымал актер фильмде төсектес болған қазақ актрисасы туралы ашық айтты

    : UGC

    Танымал қазақстандық актер Шыңғыс Капин menshealth.kz басылымына сұхбат беріп, актерлік саладағы төсек сахналарына қатысты пікір білдірді. Актер кей әріптестеріне деген құмарлығы шынайы өмірде де байқалып қалатынын жасырмады деп жазады NUR.KZ.

    Жуырда актер Айсұлу Әзімбаевамен бірге "Секс, қорқыныш және гамбургерлер" ("Секс, страх и гамбургеры") деп аталатын жаңа кинокартинаға түсті. Онда олар ашық төсек сахналарын сомдап, фильмнің эротикалық тұстарын барынша шынайы сомдап шыққан.

    Осы тұста актер Айсұлуға деген құмарлығы шынайы өмірде де бар екенін ашық айтты.

    "Біріншіден, маған рөлге ойнаудың қажеті жоқ болды. Менің Айсұлуға деген құмарлығым бар. Сондықтан бұл орайда маған қиын болған жоқ. Бірақ мен үшін өзімді ұстау қиынға соқты", - деді ол.

    Шыңғыстың айтуынша, фильмдегі төсек сахналарының шынайы өмірде де әсер ететін тұстары бар.

    "Мәселен, Динара Бақтыбаевамен "Зәуре" фильмінде ойнадық. Арамызда ешнәрсе болған жоқ. Мүлдем. Бірақ, түсірілім аяқталғанына екі жыл болса да, менің оған деген құмарлығым әлі де бар", - дейді ол.

    Танымал актер фильмде төсектес болған қазақ актрисасы туралы ашық айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.