RU
Шоубиз
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

"Тұтас елді тізе бүктірдің": Белгілі продюсер Димаш Құдайбергенді сынға алды

Жарияланған күні:

Фото
Фото: Димаш Құдайберген/Instagram

Белгілі продюсер әрі сценарист Перизат Мырзахмет Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында ресейлік бағдарламада қонақ болған әнші Димаш Құдайбергенді сынға алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Эх, Димаш... Сен Бағым мен Ринатта кеткен өкпеңді айтамын деп тұтас елді тізе бүктірдің ғой. Асүйде айтатын ренішіңді атасы басқа, мақсаты басқаның алдында жырлағаның қай сасқаның?", - деп сөзін бастады продюсер.

Ол біраз жыл бұрын болған "Саз әлемі" бағдарламасында Бағым Мұхитдинова әншіге айтқан сынын орынды деп санайтынын жеткізді. Продюсердің сөзінше, Димаштың сол уақытта дауыс қабілеті мен әні жоғары деңгейде болмаған.

"Құлағы бардың бәрі естіді. Сол уақытта сенде не тәжірибе, не сенім, не қолдау жоқ еді. Құдайдың берген талантына сеніп шығып едің сахнаға. Шикі едің. Рас, Ринат Зайытов езді. "Қатын дауысты еркек" деп өзінің сексистік биігінен айтты. Онымызды қателік деп мойындадық. Сен әлі өкпелісің", - дейді Перизат Мырзахмет.

Продюсер Қытайды мойындатқан Димаш пен отандық бағдарламада сынның астында қалған Димаштың айырмашылығы жер мен көктей болғанын да атап өтті.

"Қытайға барған Димаш басқа Димаш. Жұмыс істеген, дайындалған, бәленбай маманның көмегімен стилі мен мәнерін өзгерткен, толысқан әнші болдың. Әлем сені солай таныды. "Саз әлеміндегі" шикі күйіңмен барсаң, сол кездегі әндеріңді айтсаң, итше талап, мазаққа айналдырар еді... Мәселе сенің талантыңды танымаған қазақта емес, елімізді шірітіп жатқан жемқорлықта еді. Сені сүйкімді шығарар стилист пен вокалистер бізде де бар, алайда оларда ондай қаржы мен уақыт жоқ", - деген продюсер әншіге назын айтты.

"Қайсыбірін айтайын... Таң атпай адамды жылатып қойдың ғой. Жерімізге көзін алартып, "көкелігімді танытам, тіземді батырам" деп отырған елге барып басыңды иіп келдің. "Сол сынның арқасында өстім, енесі тепкен құлынның еті көгермейді" деп Бағымды емес, еліңді қорғасаң азамат болар едің. Бірақ сен әлі өкпенің өлеңін айтып жүрген баласың", - деді сөзін қорытындылады ол.

Еске сала кетсек, ресейлік танымал әртістер Димаш Құдайбергеннің өнерге енді қадам басып келе жатқан сәтіндегі видеолардың біріне куә болып, оны сол кезде сынға алған қазақстандық шоу-бизнес өкілдерінің өздерін сынға алған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/scandals/1891346-ttas-eldi-tize-bktirdi-belgili-produser-dimas-kdajbergendi-synga-aldy/

Жарияланымға реакцияңыз?

Соңғы пікірлер

Барлық пікір саны: 4

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

касимерик

Димаштың дәрежесіне ешбір қазақ тең келмейді.әлемге қазақты таныту мойындату оңай емес.тәуелсіздікпен ары кетсе 30жылда 30паиыз әлем таныды.Димашпен әлі 2-3жылда 95паиыз әлем таниды.қазақша өлең айтып би билеиді.алланың өзі сақтасын Димашты.

Comment reaction

Жакнти

"Белгілі продюсер... сынға алды" -деп жазыпсыздар. Бірақ-та, мен білмейді екенмін, кешіріңіз, Перизат, менің білетінім - ол бағдарламада қазақ елін " тізе бүктіргендей" әңгіме айтылмады. Осындай адамның жанына жара салатын әңгімелеріңізбен арзан ұпай жинап әуре болмаңыздаршы, өтініш. "...мәселе сенің талантыңды танымаған қазақта емес..."- депсіз. Димаш және оның барша тыңдармандары қашан "талантымды танымады" деп қазақ халқына өкпе білдіріп еді??? Керісінше, қазақ халқының қолдауының арқасында осы дәрежеге жеттім деп жүрген жоқ па.

Comment reaction

Куанкуль

Сіз Перизат кімсіз??? Сонша баланы жерден алып жерге салатын, Димаш жақсы іс істегенде, Қазақты әлемге танытып жатқанда, шығармашылық концерттерін беріп жатқанда жұмған ауыздарыңды ашпай, әр тесікке тығыласыздар...көре алмайсыздар. Қаршадай балаға жабылып, сіз өзіңіз сол Димсш жасаған істің бұрышын да жасамадыңыз, енді келіп ақыл айтасыз. Бағым дұрыс айтты дейсіз, сіз де воколды түсінетін мамансыз ба??? Сол жерде Бағымның сөзі толық берілген, оған қоса, ол Димашқа айтқан, "Мы все знаем, ты чей сын" и т.д. Осы кәсіби маманның пікірі ма, тіпті өзі қазақ бола тұра, қазақ тілінде сөйлеу де білмейді, шүлдірлеп орысша сөйлеп отырды. Сізді де, Бағымды да өз елінің патроиттары деп санамаймын. Жақсы аман болыңыз, өз жолыңызды біліңіз.

Ягуар

Балым деген кім??? Ол қазақ елінің бетке ұстары ма?

jitsu gif