"Хайптың да түрлері болады": Айқын "Ұйқым келмейді" әнінің орындаушысына кеңес берді
Жарияланған күні:

Отандық эстрада жұлдызы Айқын Төлепберген желіде қызу талқыланған "Ұйқым келмейді" әніне қатысты пікір білдірді. Ол әннің орындаушысы жіберген қателіктерін атап, оған өз кеңесін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Айқын Төлепберген бұл туралы өзінің Instagram парақшасында айтты.
"Оның басты қателігі - не бүлдіргенін өзі түсінбегені. Ол өзінің қателігін түсіне алмай отыр. Ол әнде ұйқас жоқ екенін, сөзінде мағына жоқ екенін түсінбеді. Ол TikTok пен YouTube желісінде танылып кеттім деп ойлады. Ол хайпты танымалдылықпен шатыстырған көрінеді.
Бірақ хайптың да түрлері болады. Сол себепті, қарындас, келесіде мәтінді кәсіби мамандарға жаздыртыңыз. Бүкіл Қазақстанға күлкі болудың қажеті жоқ. Болмаса, мәтіндеріңізді бізге жіберіңіз", - деді ол.
Айта кетейік, бір күн бұрын желіде "Ұйқым келмейді" әні таралып, елдің қызу талқысына түскен еді. Желіні шулатқан туынды екі күнде 300 мыңнан аса қаралым жинап, трендті видеолардың көшін бастаған.
Алайда жас орындаушыны мақтағандардан гөрі бұл ән үшін сынға алып, мазақ еткендер көп болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/scandals/1978668-xaiptyn-da-turleri-bolady-aiqyn-uiqym-kelmeidi-aninin-oryndausysyna-kenes-berdi/
Жарияланымға реакцияңыз?
Соңғы пікірлер
Барлық пікір саны: 2
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.
Айқын осы сен ақыл айтпаяқ қойшы біреуге.Адам өз мінін білу кереккой.Біреудің жанұясын бұзып жүрген сенің екінші қатыныңнан мың есе артық . Қазақша білмесе үйреніп алады қарындасым. Клипін көрдім киген киімі, сөзі, тұрған болмысы, клипінің тәрбиелік мәні бар. Кешю тобының қыздары құсап карамель деп болмайтын ән шырқап немесе көті басын жылтыратып киім киіп, елдің байын тартып алып жүрген жоқ. Қарындасым әлі бәрін үйреніп алады. Айқын бауырым сен ақыл айтпа, айтуға хақыңда жоқ.Өз мініңді біліп, әніңді шырқап жүре бер.
AiBaken
Бір бірлеріңе баға бермей ақ қойсаңдаршы. Халықты өлеңмен улап жатырсыңдар. Өлеңдеріңді тыңдап ми қосқан адам бармекен? Қыздың артынан жүгіру, қатын ұқсап бояну, ішу, шегу, тойға шығудан басқа не көрсеттіңдер?
Жәннәт