jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Бір күндік түсіріліміне - 20 мың доллар": Құралай Анарбекова фильміне түсіру үшін Нұрлан Сабуровқа қанша ақша ұсынған

    Нұрлан Сабуров
    Нұрлан Сабуров. Фото: LABELCOM YouTube арнасы

    Отандық режиссер Құралай Анарбекова көпшілікке ұсынған бірнеше бөлімді фильмінің жалғасын түсіруде. Режиссер "Түнгі студия" бағдарламасында фильмнің бір күндік түсіріліміне қатысқаны үшін актер Нұрлан Сабуровқа 20 мың доллар гонорар ұсынғанын айтты, деп KAZ.NUR.KZ.

    Режиссер көпшілікке ұсынған отандық фильмінің үшінші бөлімін түсіруде. Алайда Құралай Анарбекова актер Нұрлан Сабуровпен келісімге келе алмаған.

    "Барлық актер орнында қалды. Тек қана Нұрлан Сабуровпен келісе алмадық. Өйткені, ол ТНТ арнасының адамы болғаннан кейін келімшарты, жоспары бар. Жақсы гонорар бердім. Ол "Ойнап айтатын шығарсың" дейді. Мен "Жоқ, шынымен бір күндік түсірілімің үшін осындай көп гонорар беремін" деп айттым.

    Бір күндік түсірілімі үшін 20 мың доллар ұсындым. Халық үшін жасалғаннан кейін, фильмнің жақсы болғанын қалайсың. Ол өзі фильмге түскісі келді. Бірақ жоспары болғаннан кейін уақыты жетпеді", - деді Құралай Анарбекова.

    "Бір күндік түсіріліміне - 20 мың доллар": Құралай Анарбекова фильміне түсіру үшін Нұрлан Сабуровқа қанша ақша ұсынған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.