jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    "Ақылы бар әйел кемшілігін көрсетпейді": Айжан Нұрмағамбетова қыздарға қатысты ойын айтты

    Айжан Нұрмағамбетова
    Айжан Нұрмағамбетова. Фото: Instagram/aizhan_nurmagambetova_official

    Отандық эстрада жұлдызы Айжан Нұрмағамюетова қыздарға қатысты ойын айтты. Өнер иесі нәзік жандыларға қойылатын талаптарға қатысты өз пікірін "Оян" бағдарламасында жеткізді.

    Әңгіме барысында Айжан Нұрмағамбетова ақылы бар әйелдердің артықшылығы басым екенін атап өтті.

    "Сіздерге әйелден не ұнайды деп айтады ғой. Біреу көз, біреу аяқ дейді. Мен ер азамат болсам, әйелдің миы болсын дер едім. Ми бар, ой бар, ақылы бар әйел өзінің жақсы нәрселерін ғана көрсетеді, кемшіліктерін көрсетпейді", - деді ол.

    Әнші қазіргі жастарға қызығатынын да жасырған жоқ.

    "Мен жастарды қызғанбаймын, олармен мақтанамын. Бірақ оларға қарағанда "әттең, неге ерте тудым немесе неге ерте қартайдым" деймін. Былай киінгенде біреулер "бұлай дұрыс емес қой, жасы келді ғой" деп айтатын шығар. Ал маған ұнайды. Жалпы бір сұқбатымда "Мен – Қазақстан эстрадасының Томирисімін" деп айтқанмын. Ең бірінші қысқа киім киген, ең бірінші шашын аққа бояған, ең бірінші басқа тілде ән айтқан мен", - деп атап өтті әнші.

    "Ақылы бар әйел кемшілігін көрсетпейді": Айжан Нұрмағамбетова қыздарға қатысты ойын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.