jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Меруерт Түсіпбаева өмірден өткен әртістер туралы пікір айтатын жұлдыздарға шүйлікті

    Меруерт Түсіпбаева
    Меруерт Түсіпбаева. Фото: "Төртеу түгел" бағдарламасы

    Отандық танымал әнші Меруерт Түсіпбаева дүниеден өткен әртістерге қатысты құпияны қалың көпшілікке жария ететін әріптестерін сынап тастады. Өнер иесі марқұмның тірі кезінде сеніп тапсырған сырын халыққа айтуды асқан көргенсіздік деп есептейді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Меруерт Түсіпбаева Instagram-дағы парақшасында азулы жазба жариялап, өнердегі әріптестерін сөгіп тастады. Әнші олардың марқұмның абыройын төгіп, оның құпия сырын дүйім жұртқа жар салатындарға шүйлікті.

    "Пост жазуға, сұқбат беруге құлқым жоқ. Өтірік айтқым келмейді, шындық көпшілікке ұнамайды. Тыныштық керек, дегенмен, көптен бері осы ой мазалап жүр еді. Осы дүниеден өтіп кеткен танымал адамдар туралы, сұқбат беріп, ол марқұмдардың көрге өзімен алып кеткен құпия-сырларын ақтарып, сөйту керек еді, бүйту керек еді деп, масқаралауды көргенсіздік деп есептеймін. Жақында осы тақырыпта бір үзінді көріп қалып, жағамды ұстап едім. Ойладым да қойдым, мұнысы несі?! Мынау не айтып кетті?

    Өмірден өткен жандардың құпиясын ашуға сендерге кім рұқсат берді? Бәлкім, ол тірі кезінде сізге сеніп, жан-дүниесін ақтарған болар. Енді?! "Өзі жоқтың көзі жоқ" деп, абыройын төгіп, марқұмның бар сырын дүйім жұртқа жария ету керек пе?! Ол танымал адамның өзі кеткенімен, көзі кеткенімен, артында бала-шағасы, ел-жұрты, жекжаты, көрермені қалды емес пе?! Иә, ол марқұм қайтып келіп, өсекшіні сілкілемес, жауапқа тартпас, сотқа бермес. Бірақ артында қалған ұрпағы бұдан кейін қалай өмір сүреді?! Елдің бетіне қалай қарайды?! Неге сонша қатыгез болдыңыздар, адамдар", - деп жазды өнер иесі.

    Меруерт Түсіпбаева өмірден өткен әртістер туралы пікір айтатын жұлдыздарға шүйлікті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.