jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алмас Кішкенбаев 15 тәулікке қамауға алынды

    Кісен
    Кісен. Көрнекі сурет: pexels.com

    Алматыда Алмас Кішкенбаевқа қатысты іс жабық түрде қаралды. Ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы соттарының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Алматы соттарының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігінде қоғамдық тәртіп пен тыныштықты бұзатын жеке тұлғаларға зәбірлеп тиiскені үшін жауапкершілік қарастырылған.

    Сот К.-ның мас күйінде бола тұра, осындай әрекеттер жасағанын анықтаған.

    "Сотта К. оқиғаның мән-жайы есінде жоқ екенін түсіндірді. 434-баптың 1-бөлігінің санкциясы 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе 5 күннен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу түріндегі жауапкершілікті қарастырады.

    Жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар анықталған жоқ.

    Сонымен қатар жауаптылықты ауырлататын мән-жай мас күйінде құқық бұзушылық жасау болып анықталды", - делінген хабарламада.

    Жоғарыда айтылғандардың негізінде К. кінәлі деп танылып, оған 15 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалды.

    Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

    Алмас Кішкенбаев 15 тәулікке қамауға алынды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.