RU
Шоубиз
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

"Өзімді қорғауға мәжбүрмін": Шәріп Серіктің бұрынғы сүйіктісі актердің оған қол көтергенін айтты

Жарияланған күні:

Читать на русском
Әлия Бутеева мен Шәріп Серік
Әлия Бутеева мен Шәріп Серік. Фото: instagram.com/aliya_booteyeva/

Шәріп Серіктің бұрынғы сүйіктісі Әлия Бутеева сүйіктісі актердің оған қол көтергенін айтып, желіде жазба жариялады. Алматы полициясы тексеру жұмыстары басталғанын хабарлады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әлия Бутеева Instagram желісіндегі парақшасында "сүйіктісі оған қол көтергенін" мәлім етті. Жазбаға қоса ол лифтте түсірілген видеоны жариялаған. Лифттің бейнебақылау камерасына жазылған видеодан бойжеткеннің лифтке кіргенін, артынша әлдебір ер адам жүгіріп келіп, оның қолына жармасып, лифттен тартып сыртқа шығарып жатқанын байқауға болады.

Сонымен қатар жазбада беті қызарған қыздың фотосуреттері қоса берілген. Бойжеткен сондай-ақ желіге былтыр Шәріп Серік Әлия Бутееваға сүйіспеншілігін білдірген кезде түскен суретін де жариялады.

"Әр адамның ешкім кіруге хақысы жоқ жеке шекарасы бар деп ойлаймын. Сондықтан бұл фотолар мен видеоларды жарияламасам, ең алдымен өзімді сатқандай боламын. Маған лайықты тәрбие мен білім беру үшін профессор атанбай тұрып, еден жуған әкеме опасыздық жасаған боламын. Ағам екеуміздің бақытты өмір сүруіміз үшін өзінің мансабынан бас тартқан анамды сатқандай боламын.

Бәлкім бұл жазбамның салдары мен үшін психологиялық тұрғыдан қиын болар, бірақ әлсіздер үшін оның маңызы жоғарырақ шығар. Физикалық тұрғыдан әлсіз болсам да, моральдық тұрғыда өзім үшін мүлде жайсыз нәрсе туралы үнсіз қалуда әлсіз емеспін. Өзімді және намысымды қорғауға мәжбүрмін", - деп жазды бойжеткен.

Бутеева "бұған шыдам жүре бермей, ештеңені күтпестен бірден арыз жазып, қарсы тұру керек екенін" түсінген.

"Бірақ есеңгіреп қалғаным соншалық, не болып жатқанына сене алмадым. Мен кек алуды да, кикілжіңді де қаламаймын, бірақ мен де басқа жол жоқ. Өздеріңіз қорытынды жасаңыздар. Бұл осымен аяқталады деп үміттенемін", - деді бойжеткен.

Әлия Бутеева
Әлия Бутеева беті қызарғанын көрсетті. Фото: instagram.com/aliya_booteyeva/

Айта кету керек, Бутееваны тек желідегі оқырмандары ғана емес, қазақстандық шоу-бизнес өкілдері, актерлер мен қоғам қайраткерлері де қолдады. Мәселен бұған дейін Шәріп Серікке тұрмысқа шыққан әнші Say Mo да жазбаға пікір қалдырған.

"Сені түсінемін және толық қолдаймын", - деп жазды әнші.

Сондай-ақ Бутееваның жазбасына Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді, актриса Сая Оразғалиева, әнші Dequinne, режиссер Қанат Бейсекеев және т.б өнер жұлдыздары пікір қалдырған.

"Әйелге қол көтерген еркек еркек емес... Өте өкінішті... Бауырларыңыз бен ер достарыңыздан қолдау, қорған сұраңыз. Бұған тосқауыл қою керек", - деп жазды Сая Оразғалиева.

"Қандай сұмдық. Бұл жазбаны жариялап, батылдық танытыпсыз, абай болыңыз және күш-қуатыңыз таусылмасын", - деп пікір қалдырған Dequinne.

Шәріп Серіктің өзі тағылған айыпқа қатысты әзірге ашық пікір білдірген жоқ. Дегенмен оның жазбаларына қазақстандықтар пікір қалдырып, ел тұрғындарын актерді қолдамауға, киностудияларды онымен жұмыс істеуді тоқтатуға шақырып жатыр.

NUR.KZ тілшісі Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметіне хабарласып, бұған қатысты пікір білдіруін сұрады.

"Оқиғаға қатысты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның болған орны мен уақытын қоса алғанда, объективті мән-жайы анықталып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылданады", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/scandals/2233076-ozimdi-qorgauga-mazhburmin-akter-sharip-serikting-qurbysy-suiiktisi-qol-kotergenin-aitty/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif