jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "15 күн болды Алматыдамын": Тұрсынбек Қабатов өзі туралы қауесетті жоққа шығарды (видео)

    Тұрсынбек Қабатов
    Тұрсынбек Қабатов. Видеодан кадр: YouTube/Телеканал Астана / Astana TV

    Танымал әзілкеш, шоумен Тұрсынбек Қабатов халыққа видеоүндеу жасап, өзі туралы тараған жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Айта кетелік, бұған дейін әлеуметтік желіде полицейлер жүргізген рейд кезінде Астанадағы "Манхэттен" тұрғын үй кешеніндегі массаж салондарының бірінде Тұрсынбек Қабатовтың ұсталғаны туралы жазба жарияланған еді.

    Қабатовтың айтуынша, бұл жалған ақпарат. Ол 15 күннен бері Алматыда жүр.

    "Бұл өтірік ақпарат. Сенбеулеріңізді сұраймын, мен ешқайда барған жоқпын, ұсталған жоқпын. Ешқандай "Манхэттен" деген жерді білмеймін. Бәлкім, концертімінің алдында біреулердің аяқтан шалуы шығар.

    15 күн болды Алматы қаласындамын, бір аптадай "The Voice Қазақстан" бағдарламасын жүргіздім, одан қала берді қала күні болды, екі күн соны жүргіздім. Бүгінде Алматыда қаласында үлкен іс-шарадамын", - деді ол Instagram желісінде жариялаған видеоүндеуде.

    "15 күн болды Алматыдамын": Тұрсынбек Қабатов өзі туралы қауесетті жоққа шығарды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.