jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Мөлдір Мұқановаға 600 000 теңге айыппұл салынды

    Мөлдір Мұқанова
    Мөлдір Мұқанова. Фото: instagram.com/moldir.mt

    Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы әйелі Мөлдір Мұқановаға 600 мың теңгеге жуық айыппұл салынды – оның аккаунты құқық бұзушылар тізіміне енген, деп хабарлайды Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомство 2025 жылы лотерея және лотерея қызметі туралы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған құқық бұзушылардың тізімін жариялады.

    Тізімде Мөлдір Мұқанованың Instagram-дағы moldir.mt аккаунты бар.

    Комитеттің мәліметінше, блогерге 17 қазанда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 445-1-бабы 6-бөлігі бойынша айып тағылған. Айыппұл мөлшері – шамамен 600 000 теңге (150 АЕК).

    Тәртіп бұзушылар қатарында тағы бірқатар қазақстандық танымал блогер бар.

    Еске салсақ, бұған дейін 7,4 млн оқырманы бар танымал қазақстандық блогер Нұртаза Нұрбек әлеуметтік желіде лотерея өткізгені үшін айыппұл төлегенін жазған едік.

    Сондай-ақ Қаржылық мониторинг агенттігі онлайн ойындарды жарнамалауға қатысы бар деген 34 блогерге қатысты тексеру жұмыстарын жүргізіп жатқанын, олардың 11-і жауапқа тартылғанын жазған болатынбыз.

    Мөлдір Мұқановаға 600 000 теңге айыппұл салынды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.