jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Қалай түсінуге болады": Баян Мақсатқызы көп әйел алуды заңдастыруды ұсынған депутатты сынға алды

    Баян Мақсатқызы
    Баян Мақсатқызы. Фото: Instagram / bayanmaxatkyzy

    Қазақстандық продюсер әрі актриса Баян Алагөзова мәжіліс депутаты Абзал Құспанның Қазақстанда көп әйел алуды заңмен реттеу туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Парламент мәжілісінің депутаты Абзал Құспан журналист Ербол Сейілханға берген сұқбатында елімізде көп әйел алуды заңмен реттеу керегін айтқан еді.

    Абзал Құспанның айтуынша, елімізде ауқатты адамдардың бірнеше әйелі бар, тіпті бес әйелге дейін алғандар бар көрінеді. Құспан көп әйел алуға тыйым салынғанымен, ол үшін ешқандай жаза қарастырылмағанын атап өткен болатын.

    Осыған орай Баян Мақсатқызы әйелдерге бірнеше күйеуге шығуға рұқсат беруді ұсынды.

    "Жауап ретінде қос күйеуге шығуды заңдастыруды ұсынамын! Неге болмасқа? Ерлерге болады, ал әйелдер болмай ма? Зайырлы мемлекеттің заңдары бойынша бізде теңдік болуы керек!

    Билік өкілдерінің шариғат заңы бойынша өмір сүруді ұсынғанын қалай түсінуге болады?" - деді ол.

    стория
    Скриншот: instagram.com/bayanmaxatkyzy

    "Қалай түсінуге болады": Баян Мақсатқызы көп әйел алуды заңдастыруды ұсынған депутатты сынға алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.