БАҚ: комик Нұрлан Сабуровқа Ресейге кіруге 50 жылға тыйым салынды
Опубликовано:
Читать на русском
Ресейлік БАҚ-тар танымал қазақстандық стендап-комик Нұрлан Сабуровқа Ресейге кіруге 50 жылға тыйым салынғанын хабарлады. Бұған қатысты Сабуров әзірге пікір білдірген жоқ.
SHOT басылымының мәліметінше, Нұрлан Сабуровқа Ресейге кіруге 50 жылға тыйым салынған. Дубайдан келген стендап-комик Мәскеудің Внуково әуежайында ұсталған.
"34 жастағы комик астанаға Fly Dubai компаниясының рейсімен ұшып келген. Ол Әмірліктерге автокөлік компаниясының жарнамасы бойынша түсірілімге барған. Төлқұжат тексеру кезінде Сабуровты бөлек бөлмеге алып кетті, ол жерде оған Ресейге кіруге тыйым салатын құжат берілген.
Бұған дейін Сабуров Екатеринбург, Омбы, Төменгі Тагил, Обнинск, Курган және Рязань сияқты ресейлік қалалардағы концерттерінің тоқтатылуына байланысты қиындықтарға тап болған еді. Іс-шараны ұйымдастырушылар "форс-мажор" болғанын айтып, билеттердің ақшасын 180 күн ішінде қайтаруға уәде берген болатын", - делінген жарияланымда.
Telegram-дағы Baza арнасының жазуынша, Сабуровқа бұрын көші-қон заңнамасын бұзғаны және Украинамен қақтығысты сынағаны үшін Ресейге кіруге тыйым салынған болуы мүмкін. Тыйым 30 қаңтарда күшіне енген.
"Бұл шешім арнайы әскери операцияны сынға алғаны, көші-қон және салық заңнамасын бұзғаны үшін қабылданған", - деп жазады басылым.
Mash-тың жазуынша, Сабуров қазіргі уақытта Внуково әуежайында және кері қайта алмайды.
"Әзілкешті әуежайда тексеру кезінде тоқтатып, Ресейге кіруге рұқсат бермеді. Дубайдан ұшып келген Нұрлан енді ол жаққа қайта ұшып кете алмайды, оның билетке ақшасы жоқ", - деп хабарлайды дереккөз.
РИА Новости агенттігінің жазуынша, бұл шешім "ұлттық қауіпсіздігі мүддесі үшін" қабылданған.
"Ол Ресейде тапқан ақшасын делдалдар арқылы заңдастырмақ болған. Сабуров Ресейде 60 миллион рубльден астам мүлікке иелік етеді", - деп жазады құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасаған басылым.
Сонымен қатар басылым әуежай ғимаратында түсірілген видео жариялады. Онда Сабуровтың біреумен телефон арқылы сөйлесіп тұрғанын байқауға болады. Әңгіме барысында ол сондағы лауазымды тұлғалардың бірі адвокатымен сөйлесе алма деп деп сұрайды, бірақ оған рұқсат берілмеді.
Сабуровтың өзі әзірге бұл жағдайға қатысты пікір білдірген жоқ. Сондай-ақ ол әлеуметтік желілердегі парақшасында да қандай да бір мәлімдеме жасамады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/scandals/2340375-baq-komik-nurlan-saburovqa-reseige-kiruge-50-zhylga-tyiym-salyndy/