Сыртқы істер министрлігі Нұрлан Сабуровтың ұсталуына қатысты пікір білдірді
Опубликовано:
Читать на русском
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бүгін Мәскеуде Нұрлан Сабуровтың ұсталғаны туралы хабарламаларға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстан азаматы Н.Сабуровқа қатысты өзі немесе оның заңды өкілдері Ресейдегі Қазақстан елшілігіне жүгінбегенін хабарлаймыз. Ресейдің тиісті органдарынан да оның ұсталғаны туралы ешқандай ақпарат түскен жоқ", - деді Сыртқы істер министрлігінің өкілі NUR.KZ тілшісіне.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін ресейлік БАҚ-қа құқық қорғау органдары танымал қазақстандық комик Нұрлан Сабуровтың Ресейге кіруіне 50 жылға тыйым салынғанын растады. Сабуров әзірге жағдайға қатысты түсініктеме берген жоқ.
Кейінірек БАҚ-та Нұрлан Сабуровтың Ресейде миллиондаған долларлық активтері бар екені туралы ақпарат жарияланды. Желіде әзілкештің Мәскеудің Внуково әуежайында ұсталған сәтінен де видео пайда болды.
Telegram желісіндегі Mash арнасы Сабуровтың Дубайға қайтудан бас тартып, Қазақстанға ұшуға ниетті екенін хабарлады. Сонымен қатар БАҚ комиктің компаниясы салық бойынша қарыздар екенін анықтаған.
Сондай-ақ Нұрлан Сабуровтың бұған дейін Ресей азаматтығын рәсімдеуден бас тартқаны белгілі болды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/scandals/2340448-syrtqy-ister-ministrligi-nurlan-saburovtyng-ustaluyna-qatysty-pikir-bildirdi/