Mash: Нұрлан Сабуров Дубайға депортациядан бас тартты және Қазақстанға ұшып келмек
Опубликовано:
Читать на русском
Telegram-дағы Mash арнасы комик Нұрлан Сабуров Дубайға оралудан бас тартып, Қазақстанға ұшуға ниетті екенін жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Басылымның мәліметінше, Нұрлан Сабуров "кісендеулі күйі ұшуға тура келетіндіктен" Дубайға тегін депортациядан бас тартқан.
Mash-тың дерегінше, әзілкеш депортациялануы мүмкін екенін нақтылағаннан кейін Алматыға дейін билет сатып алған.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ресейлік БАҚ-тар танымал қазақстандық стендап-комик Нұрлан Сабуровқа Ресейге кіруге 50 жылға тыйым салынғанын жазған еді.
Сабуровтың өзі әзірге бұл жағдайға қатысты пікір білдірген жоқ.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, Сабуровтың ұсталғаны туралы қандай да бір ақпарат түспеген, әзілкештің өзі немесе заңды өкілдері Қазақстанның Ресейдегі елшілігіне жүгінбеген.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/scandals/2340453-mash-nurlan-saburov-dubaiga-deportatsiiadan-bas-tartty-zhane-qazaqstanga-ushyp-kelmek/