ҰҚК Нұрлан Сабуровқа қатысты ақпаратты тексеріп жатыр
Опубликовано:
Читать на русском
Ұлттық қауіпсіздік комитеті стендап-әзілкеш Нұрлан Сабуровқа қатысты тексеріс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі "Нұрлан Сабуров жеке әскери компанияның (ЖӘР) ресейлік жалдамалыларына демеушілік етуге қатысты" деген желідегі ақпаратқа түсініктеме берді.
"Ұлттық қауіпсіздік комитеті сіздің өтінішіңізді қарап шықты. Ақпарат тіркелді және тексеріс жүргізілуде", - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.
Естеріңізге сала кетейік, ресейлік БАҚ-тар танымал қазақстандық стендап-комик Нұрлан Сабуровқа Ресейге кіруге 50 жылға тыйым салынғанын жазған еді.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Сабуровтың ұсталғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Министрліктің мәліметінше, әзілкештің өзі немесе заңды өкілдері Қазақстанның Ресейдегі елшілігіне жүгінбеген. Ал 7 ақпанда Нұрлан Сабуров Алматыға ұшып келді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/scandals/2344096-uqk-nurlan-saburovqa-qatysty-tekseris-zhurgizip-zhatyr/