Елді есеңгіреткен жылдың 10 атышулы қылмысы
Жарияланған күні:
2015 жыл аяқталуға шақ қалды. Жыл ішінде жақсы жаңалықтармен қоса, елімізді есеңгіреткен атышулы қылмыстар да көпшілік жадында қалды. NUR.KZ порталы caravan.kz-ке сілтеме жасап 2015 жылы тұрғындарды дүрліктірген 10 қылмысты назарларыңызға ұсынады.
Оңтүстік Қазақстан облысында ана өзінің кішкентай екі баласын тұншықтырып өлтірді
Сәуір аяғында Сарыағаш қаласының тұрғындары жантүршігерлік жағдайды естіп, жағаларын ұстады: 32 жастағы әйел еш себепсіз өзінің екі қызын күйеуінің галстугымен тұншықтырып өлтірген. Кіші қызы 9-да, ал үлкені 11 жаста болған.
Тергеушілерге берген жауабында Фируза Тулағанова есімді келіншек, мұндай сұмдыққа өмірден түңілген соң бардым депті. Қатыгез ананы сот 20 жылға бас бостандығынан айырды.
Қостанай облысында 7 жасар Виктория Ганяны өлтірген ер кісі
Кішкентай қыз былы Виктория Ганяны өлтірді деген хабар Рудный тұрғындарын ғана емес, бүкіл Қазақстанды есеңгіреткен.
2014 жылдың 24 сәуірінде Рудныйда 7 жасар Виктория Ганя жоғалды. Дәл сол күні оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған болатын.
Қыздың денесі 22 мамырда Рудный-Тобыл тас жолынан алыс емес жерде орналасқан құрылыстағы ғимаратты тексеру барысында табылды. 18 шілдеде еш жерде жұмыс істемейтін, бұрын сотталмаған, психикалық-неврологиялық есепте тұрған 19 жасар күдікті белгілі болып, ұсталды.
Алайда кейіннен анықталғандай, аталмыш азаматтың қыздың өлтірілуіне қатысы болмай шықты. Кейінірек 31 жастағы бір ер адам ұрлықпен ұсталып, Ганяны өлтіргенін мойындады.
Қостанай облысы Рудный қаласында 7 жасар Виктория Ганяның өліміне айыпты адам 2015 жылдың наурызында өмірінің соңына дейін бас бостандығынан айырылды.
Алматыдағы "Чуктока" барының маңында болған төбелес
Бұл қайғылы жағдайға кінәлі деп табылған ер кісіні жақтаушылар да даттаушылар да табылған. Бірі өлім абайсызда болды десе, екіншісі жігіт қасақана өлтірілгеніне сенімді болған.
Маусым айында Александр Кузнецов абайсызда Сырым Мұратқалиевты өлтіріп алғаны үшін қоныс-колониясына бір жарым жылға сотталған болатын.
Төбелес 2015 жылдың 7 наурызында орын алған. Ол күні Александр Кузнецов достарымен «Чукотка» барында демалып жүрген, ол Сырым Мұратқалиев және Евгений Фроловпен сөзге келіп қалған және сыртқа шыққан соң жанжал төбелеске ұласқан.
Куәгерлердің айтуынша, төбелес кезінде Кузнецов бірнеше рет Мұратқалиевты бетінен ұрған, содан ол есеңгіреп барып шүйдесімен асфальтқа құлап, жан тапсырған.
29 маусым күні Алматының Медеу ауданының соты Кузнецовты Қылмыстық кодекстің 104-бабы «абайсызда өлтіріп алу» бойынша қоныс-колониясына 1,5 жылға соттаған болатын.
Алайда тамызда Алматы қалалық соты үкімді жоққа шығарып, қайта тергеу басталады. 23 қарашада прокурор Кузнецовты 8-12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрайды.
Енді апелляциялық инстанция соты Кузнецовтың әрі қарайғы тағдырын шешетін болады.
Қарағанды облысында әкімнің ұлы 10 жылға бас бостандығынан айырылды
2014 жылдың қазан айында Қарқаралыдағы көлікке жанармай құю орнында Қарағанды қаласында ЖОО-ның бірінде оқитын студент соққыға жығылды.
Одан кейін жәбірленушіні оның «ВАЗ» маркалы көлігімен қаланың сыртына апарып, киімін шешіп, орманға таста, ал көлігі өртеп жібереді. Жас жігіт орманнан шыққанда, оны жақын маңдағы жолмен келе жатқан көлік жүргізушісі ауруханаға жеткізген.
Кейін полицейлер бұл қылмысты жасауда күдікті ретінде екі адамды ұстады. Оның бірі Қарқаралы қаласы әкімінің баласы болып шықты.
Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалып, «қамауға алу» бұлтартпау шарасы тағайындалды. Бұл оқиғадан кейін ұсталған Нариман Батырбековтың әкесі жалақы сақталмайтын демалыс алып, ал баласына айып тағылған соң өз еркімен отставкаға кеткен.
2015 жылдың 13 наурызында Қарағанды облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты экс-әкімнің ұлын Каркаралинска 10 жылға бас бостандығынан айырды.
Астанадағы Әлібидің ісі
Астаналық Нұрлан Жұмағұловтың 24 жастағы баласы Әліби соққыға жығылған соң әлеуметтік желіге көмек сұрап жариялаған жазбасы жұртты дүрліктіріп, наразы пікірлерге ұласты. Белсенділер істің «коррупциясыз» тексерілуін талап етеді.
Соққыға жығылған жігіттің әкесінің SOS-үндеуін желідегі әлеумет бірден қолдап, оның жазбасын 200 мыңнан аса адам қайта жариялаған.
Белгілі болғандай танымал кәсіпкер Жамалиев азаматтық некедегі әйелі Айнұр Исинаны Жұмағұловтан қызғанып, оны өлімші етіп сабаған.
Тамыздың 7 күні Астана қаласының қылмыстық істер бойынша арнайы ауданаралық соты “Әліби ісі” бойынша үкім шығарды.
Сот шешімі бойынша айыпталушы Қайрат Жамалиев мүлкі тәркілене отырып, 13 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді.
Сот Жұмағұловтың 200 миллион теңге көлеміндегі моральдық шығын ретінде өтемақы төлеу туралы талабын қараусыз қалдырды.
Кейінірек, Әліби Жұмағұловтың сот үкімін өзгертуге шағым бермейтіні белгілі болды.
Светлана Садуованы өртеп жіберген бұрынғы күйеуі
Қайғылы оқиға 26 мамыр күні болған еді. Қанат Сәдуов №26 мектептің ауласында бұрынғы әйелі мұғалім Светлана Сәдуованы тірідей жағып жіберді. Денесінің 70%-ын күйік шалған жәбірленуші ауруханада көз жұмған. Оның артында 4 баласы қалды.
Өзінің бұрынғы әйелін өртеп жіберген Қанат Сәдуовке 1 маусымда мемлекетаралық іздеу жарияланған болатын. Күдікті жаз бойы жасырынып жүріп, ақыры туыстарының үйінен ұсталды. 28 қазанда сот Сәдуовты 18 жылға бас бостандығынан айырды.
Алматыда ана екі қызын терезеден лақтырып жіберді
Келіншек осы жылғы 5 қыркүйекте жалдап отырған бесінші қабаттағы пәтерінің балконынан өзінің кішкентай балаларын лақтырып жіберген. Кіші қызы ауыр дене жарақатын алып, тірі қалды. Үлкен қызы құлаған жерінде жан тапсырды. Бұдан кейін Құлмамырованың өзі де терезеден секірді, бірақ та тірі қалған.
Сотталушы Қылмыстық кодекстің 3-бөлімі 24-бабында, 2-ші бөлімінің 99-бабындағы 3-ші, 5-ші және 14-ші тармақтарында (екі және одан да көп кәмелетке толмаған адамдарды көрінеу қасақана өлтуіруге оқталу), 2-бөлімінің 99-бабының 1-ші, 3-ші, 14-ші тармақтарында (көрінеу дәрменсіз жағдайдағы екі және одан да көп адамдарды және көрінеу кәмелекетке толмағандарды қасақана өлтіру) көзделген қылмыстар жасауға айыпталып, сот алдында жауап берді.
Сот алдындағы тергеу барысында сот-психологиялық сараптама өткізілді, ол Құлмамырова қылмыс жасаған сәтте жүйкесі жұқарып, есуастық жағдайға түскені туралы қорытынды берді.
Әйелдің бала күтіміне қатысты демалысқа шықпай тұрып, Астанадағы Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде жұмыс істегені анықталды.
Сот қаулысымен Ж.Құлмамырова қатаң бақылаумен жүйке аурулары стационарына мәжбүрлі түрде емделуге жіберілді.
Өскеменде хоккейші Евгений Фадеевтің әйелі өлтірілді
2015 жылдың 14 қазанында облыстық орталықта «Торпедо» хоккей командасы капитанының әйелі, 30 жастағы Евгения Фадееваны белгісіз біреулер өлтіріп кетті.
Әйел өз пәтерінде өлі күйінде табылған. Болжам бойынша, Мария Фадееваны ұрлық жасау мақсатында өлтіріп кеткен.
«Оны пәтерде өлтірген. Балалар үйде болмаған. Ол да кетпек болып жатқан. Алайда қалып қойды… Оны аңдып, үйде болғанын білген. Пәтерден бар ақшаны және карточкаларды ұрлап әкеткен…», — деп жазған өзін қаза болғанның туысы ретінде таныстырған әлеуметтік желі пайдаланушыларының бірі.
Сонымен қатар қалалық форумдардың бірінде «Знаю» лақап атымен тіркелген тұрғын әйелді буындырып өлтіргенін жазған. Полиция қызметкерлері қылмыстың болғанын растап отыр.
«Қылмыстық кодекстің 99 бабы 1 бөлімі (адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аса ауыр қылмысқа кінәліні табу үшін барлық шаралар жасалуда», — дейді ШҚО Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің басшысы Бақтыжан Торғаев.
Еске салсақ, Евгений Фадеев бүгінде өскемендік «Торпедо» командасының құрамында ойнайды. Оған дейін спортшы «Номад», «Сарыарқа» және «Барыс» командасында ойнаған. Мария мен Евгений Фадеевтің екі баласы бар.
Жарты жыл бұрын Евгений Фадеев отбасымен Өскеменге көшіп келген болатын. Жақында сұхбат берген спортшы бос уақытын әйелі мен балаларының қасында өткізуді жөн көретінін айтқан.
2015 жылдың 18 қазанында Семейде күдіктілер ұсталды. Олар ұрлық жасау мақсатында Фадееваны өлтірді деп айыпталып отыр.
Қарағандыдағы Ахметов ісі
2015 жылдың 11 желтоқсанында Қарағандыда 2015 жылдың ең шулы сот істерінің бірі аяқталды.
Қарағанды облыстық соты cудьясы Исламхан Есенбаев Серік Ахметовті 10 жылға соттауға үкім еткен соң оны күзетпен алып кетуді бұйырды деп жазады azattyq.org.
Төрт айға жуық мерзімге созылған сотта айыпталушыларға соңғы сөз берілген кезде Серік Ахметов президент Назарбаевтан кешірім сұраған.
"Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтан сенімін ақтамағаным үшін шынайы кешірім өтінемін. Маған бола Қарағанды облысында осындай ахуал туғанына, оны ойлап мемлекет басшысының қайғыратынына байланысты моральдық жауапкершілігім бар екенін түсінем. Егер сот пен мемлекет басшысы қатарға қосылуыма мұрсат берсе, барлық білімім мен тәжірибемді ел игілігі үшін қолданып, ақтығымды дәлелдеуге дайынмын. Кез-келген жағдайда мемлекетке, халыққа және ұлт көшбасшысына (президент Назарбаевқа - ред.) адал болып қаламын", - деген еді ол соңғы сөзінде.
Ахметов соңғы сөзінде мемлекеттік айыптаушыға аса ірі көлемде пара алды деген бапты дәлел табылмағаны үшін айыптау қорытындысынан алып тастағаны үшін алғыс білдірген. Ол "объективті және әділ үкім шығады деп үміттенетінін" де айтқан.
Бұрынғы премьер-министр "заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты" және "өкілетін асыра қолданды" деп айыпталған. Бірақ адвокаттары Серік Ахметовтің қылмыс жасамағанын айтып, сәрсенбі күні өткен жарыссөзде судьядан оны ақтауды өтінген.
Алматы облысында Айзада Авлатарованы ұрлау
2015 жылдың 3 желтоқсанында 20 жастағы Айзада Авлатарова жоғалып кетті деген хабар тұрғындарды аяғынан тік тұрғызды. Әскерилер Қапшағай маңының әр қуысын тінтіп, Айзада Авлатарованы іздеуге кіріскен. Олар әбден шошынған бойжеткенді қылмыскердің қолынан құтқарып қалды.
«Олар бізге қарай келе жатып, аяқ-асты бағыттарын өзгертті. Мен оларға тоқтамасаңдар қызметтік итті босатамын дедім. Итім үре бастап еді, олар тоқтады», — деп есіне алды кинолог Арман Әлімбетов.
Әскерилердің айтуынша, ер адам Айзаданы қолынан жетектеп келе жатқан. Қылмыскерді құрықтағанда әбден қорыққан қыз жылап жіберген. Қылмыскер Айзаданы 8 күн бойы күштеп ұстаған. Бұл қорқынышты күндер бойжеткенді қатты өзгерткен.
Ал Айзаданы ұрлаған Игорь Токарев болса, еш қымсынбастан басылымға сұхбат беріп, бойжеткенге қалай қорлық көрсеткенін баяндап берген. Токаревтің айтуынша, ол бойжеткенді көріп қалып, тоқтаған. Кейін тамағына пышақ тақап, белгісіз бағытта алып кеткен.
Алғашқы екі күнді олар көлікте өткізген. Қолда бар консервілермен тамақтанып, үшінші күні саяжайға барған. Күдікті сол маңда құрықталды.
«Бір нәрсе таң қалдырды. Жеті күн бойы қыз бала ләм-мим демеді, қарсылық көрсетпеді, маған дауыс та көтермеді. Дегенімнің бәріне көніп жүрді. Өзі сондай тәрбиелі екен. Тіпті, аяп та кеттім. Оны үйіне апарып тастағым да келді. Біз оның немере інісіне бара жаттық», — деп жалғастырды ол.
Токарев үшін бұл алғашқы қыз ұрлау емес болып шықты. 90-жылдардың аяғында ер кісі екі бойжеткенді ұрлап, өз жекежайында күштеп ұстаған. Осы жолы ол бесінші рет қамауға алынбақ. Ер кісі ұрлық, көлік айдап әкету, зорлау баптары бойынша істі болған. Тәртіп сақшылары Токаревтің қолынан өзгелер де зардап шеккен болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1000416-eldi-esenhgiretken-zhyldynh-10-atyshuly-qyl/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.