Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да тас жолды басқан 2 метрлік қар мен Қарағандыдағы ұзын-сонар кептеліс (фото, видео)

Опубликовано:

 Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданындағы тас жолды басқан қардың биіктігі 2 мерге жетеді, деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Қазақстан жаңалықтары.

"Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданында жергілікті көлемдегі табиғи сипаттағы ТЖ жарияланды. Көп және тоқтаусыз жауған қар және 9 ауылдық округке барар жолдың болмауынан болды: Тассай, Шұғылбай, Биғаш, Үлгілімалшы, Мариногор, Палацы, Самар, Белен, Көкпекті", — делінген хабарламада.

Осы уақытта құтқарушылар жолдардың түрлі учаскелерінен авариялық-құтқару операцияларын жалғастыруда.

Жарма ауданында Өскемен қаласынан 45 шақырым жерде ШӨАЖҚЖ күшімен 4 адам, оның ішінде 1-уі бала көшірілді. Облыс орталығынан 79 шақырымда ШҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің күшімен қар құрсауынан 7 адам (біреуі бала) алып шықты, оларды Қалбатау ауылының спорт мектебіне орналастырылды.

Ұлан ауданында «Өскемен-Семей» автожолындағы 92 шақырымда 30 машинадан құралған колонна тұр. Алайда, жол қызметі тас жолды тазалаған соң автоколонна бағытталу жолын жалғастырды. Біраз уақыттан кейін дәл осы жолда тағы да машиналардың кептелісі пайда болды, тазалаған соң машиналар тағы жолын жалғастырғанын атап өту қажет. Құтқару операциялары Бородулиха ауданында да жүргізілуде. Жергілікті атқарушы органдар ондаған адамдарды алып шықты.

Республикалық және облыстық маңызы бар тас жолдардың қатты боран мен түк көріндейтін бұрқасыннан жабылып жатқандығын естеріңізге саламыз. Алайда бұл адамдарға тоқтау болар емес. Азаматтар, тыйымға қарамастан елдімекеннен тыс шығуын тоқтатар емес.

Сонымен қатар Қарағанды облысының Абай ауданында ауа райының күрделі болуынан және жолдарда қалыптасқан жағдайларға байланысты жергілікті ауқымдағы ТЖ жарияланды.

Бұл туралы облыстық ТЖД бастық орынбасары Мұрат Қатпановқа сілтеме жасап ҚазТАГ хабарлайды.

«Бүгін таңертең облыстық ТЖ комиссиясының кезектен тыс отырысы өткізілді. Абай ауданында қалыптасқан жағдайға байланысты аудан умағында төтенше жағдай жарияланды. Абай ауданында ең күрделі жағдай. Басқа аудан аумақтарында жағдай бақылануда, оларда ТЖ жариялау қажеттігі жоқ», - деді Қатпанов сейсенбі күнгі баспасөз мәслихатында.

Ол, аумақта ауа райының күрделенуі 23 желтоқсаннан бері болып отырғанын атап кетті.

«30 желтоқсанға да қалың қар жауып, дауыл тұрады деген дауылдық ескерту алдық», - деді ол.

ТЖД мәліметтерінше, облыс автожолдарында 1 мыңдай автокөлік жиналып қалған.

«Жүк таситын көлік саны – 768, автобустар – 27, жеңіл көліктер – 150. Оның ішінде Осакаров ауданында – 150, Қарағандыда – 200, Ақсу-Аюлы – 350, Балқашта – 165, «Спасск» аумағында – 80 көлік», - деді М. Қатпанов.

Оның айтуынша жолдардағы қар тоспаларын тазартуға 130 дана техника тартылған. Қар құрсауында қалған жолаушылар азық-түлік тапшылығы мен жол бойындағы кафелерде бағаның шарықтап кеткеніне шағымдануда. Олардың айтуынша, 1 бөлке нан бағасы 1 мың теңге, стакан шәй – 250 теңге болып кетіпті. Ал ТЖД бұл ақпараттарды теріске шығарып отыр.

«Әрине, адамдар стресстік жағдайда жүргені түсінікті. Бірақ біздер кеше сонда болып, біздің қызметкерлер сонда дәмханадан тамақтанды», - дейді Қатпанов.

Облыс әкімшілігінің хабарлауынша, тек 28 желтоқсан мен 29 желтоқсанда таңертең 1 мың құрғақ дәм, 100 адамдық түскі ас, 800 дана пісірмелер, 400 бөлке нан, 1900 бөтелке сусын жеткізілді. Одан басқа, Шет ауданына 10 тонна солярка, 10 тонна бензин жеткізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1001088-shqo-tas-zholyn-basqan-qardynh-biiktigi-2-m/

pixel