Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ халқы 100 жыл бұрын қалай өмір сүрді?

Опубликовано:

Қазақ халқының тұрмысы мен салт-дәстүрі, киіну үрдісі мен шаруашылығы жайлы тарихи деректерде көп жазылған. Алайда, ертедегі ата-бабаларымыздың тұрмысы бейнеленген материалдар мен фотосуреттер жоқтың қасы. NUR.KZ назарларыңызға эксклюзивті суреттерді ұсынады.

Мамандардың сөзінше, қазақ халқын зерттеу жұмыстары қазақ хандығының Ресей қол астына өткеннен кейін басталған. Елімізге ат басын бұрған ресейлік ғылыми экспедицияда қазақтардың тұрмыс-тіршілігі, мәдениеті, әдет-ғұрыптары мен салт-жоралары, сондай-ақ шаруашылық өмірінің ерекшеліктері туралы аса құнды деректер келтірілген суреттер жиынтығы қазір Санкт-Петербургтағы ұлттық мұрағатта сақтаулы.

Барлық деректерде қазақтар «қырғыз» деп жазылған. Көршілер аса маңызды тарихи дүниелерді елімізге қомақты сомаға сатуға да ұсыныс білдірген. Әзірге екі ел арасында келіссөз жүргізілуде.

Ал бүгін біз Қазақстандағы фотолар киноқұжаттар және дыбыс жазбаларының Орталық мемлекеттік мұрағатында сақталған 1800 жылдардың соңы мен 1900 жылдардың бас кезінде түсірілген фотолар легімен таныстырмақпыз. Аталған суреттердің нақты авторы жоқ. Тек қай жылдары түсірілгені болжаммен жазылған.

1. Жетісу өңіріндегі қазақ отбасысы. 1880-1895 жылдар.

2. Бай қазақ тұратын жанұяның киіз үй ішіндегі өмірі. 20 ғасырдың бас кезі.

3. Кедей қазақтар тұратын киіз үй ішіндегі көрінісі. 1918 жыл.

4. Әже мен немерелер қол диірменмен ұн дайындау сәті. 1905 жыл.

5. Алматы облысындағы қазақтардың өмірі. Қарияның келі түю сәті. 19 ғасырдың соңы.

6. Қазақ кедейлерінің ет бөлісу сәті. 1910-1915 жылдар.

7. Маңғыстау өңіріндегі қазақ әйелдері. 1903 жыл.

8.  Қазақ балаларының ойыны. 1910-9015 жылдар.

9. Қазақ жастарының алтыбақан тебуі. 20 ғасырдың басы.

10. Қазақ әйелдерінің кілем тоқу сәті. 1910-1912 жылдар.

11. Маңғыстау қазақтарының текемет басу сәті. 1903 жыл.

Материалды дайындау барысында көрсеткен көмегі үшін Фото, киноқұжаттар және дыбыс жазбаларының Орталық мемлекеттік мұрағатында қызметкерлеріне алғыс білдіреміз.

Материал ҚР Заңнамасына сәйкес қорғалған. Барлық авторлық құқықтар NUR.KZ интернет-порталына тиесілі. Материалдың кез-келген бөлігін көшіру, тарату үшін редакциямен байланысу қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1010972-qazaq-khalqy-100-zhyl-buryn-qalay-omir-surd/

pixel