Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерке Есмаханның ағасы сәнқой әрі заманауи молда болып шықты

Опубликовано:

Ерке Есмаханның ағасы сәнқой әрі заманауи молда болып шықты. Ол зәулім үйінде түскен суреттерімен әлеуметтік желіде жиі бөлісіп тұрады.

NUR.KZ тілшісіне сұхбат берген облыстың бұрынғы бас имамы жаңа әкім келген соң, жұмыс істеуді үйреніп жатқанын айтты.

Бауыржан Есмахан - Қазнеттің жұлдызы болып жүрген Ақтөбе облыстық Дін істері басқармасының басшысы. Танымалдығы қарындасынан қалыспай, жұлдыз болып жүрген басшы алдымен автобуста жасаған селфиін түсіндіріп, халықтан кешірім сұрады.

«Мен сол күні жұмыстан шықтым. Жүргізушім сырқаттанып қалған болатын. Үнемі машинамен не таксимен жүре берем бе, автобусқа мінейін дегенмін. Жұрттар «әкімге жалпақтады» деп жазып жатыр»- дейді Бауыржан Есмахан.

Шенеунік автобус жүргізушісі мен кондуктордың өзін танымай қалғанын да айтып кетті. Мешіттен басқа жердегі жамағаттың ілтипатына қуанып қалған басшы болған жайды былай баяндады.

«Үш жамағатты кездестірдім, пайдасы бар екен. Тіпті, бір жамағат автобус ішінде менің телефонымды жазып алып жатты. «О-о сіз де автобуспен жүресіз бе» деген әңгімелер болды. Мен селфиді қалжың аралас көңіл күйде жасаған едім. Ол сурет NUR.KZ порталына шығады деп ойлаған жоқпын. Бүкіл республикаға танылатынын білгенде, мен басқа сөздер жазатын едім. Жүргізуші мен кондуктор мені таныған жоқ. Мүмкін қыстың кезі болған соң танымай да қалған шығар. Сондай жақсы мағынада шығарып едім, шындығымды айтып отырмын. Халықтың көңіліне келсем, кешірім сұраймын. Менде олқылық болды», - деп молда ақталды.

Сонымен қатар, дін қызметкері әлеуметтік желіде аз отырмайтынын да айтып қалды. Ол қарындасының жетістіктерімен жиі бөлісіп тұрады.

«Facebook-те  көп отырамын, екі мыңға жуық оқырманым бар. Жұмысыма байланысты әртүрлі жағдайларды бөлісемін. Адамдар «лайк» басып, өз парақшаларына салып жатады. Уағыз жүргізуге де жақсы. Біз кей кезде үйдің ішінде ұялы телефонмен отырамыз. Жан жағымызда отырған өз бауырларымызды байқамай қаламыз», - дейді Бауыржан Есмахан.

Сондай-ақ, Бауыржан мырза ақтөбелік шенеуніктер жұмыс істеуді енді үйреніп жатқанын мойындады.

«Облыс басшысы жұмыс істеудің нағыз үлгісін көрсетіп жатыр. «Сіздер кабинеттеріңде отырмаңыздар, проблеманы қағаз арқылы көрмеңіздер. Сол мәселені халықтың өзінің аузынан естіңіздер», -  деді ол.

"Әкімнің өзі 40 шақты БАҚ өкілдерін жинап, дастарханда отырғандай әңгімелесті. Ол кісі бізге көрсетіп жатыр. Сондықтан да мен сізге сол үлгі бойынша шай ұсынып жатырмын», - дейді әңгіме арасында шыныаяқпен шай алдыртқан дін істер басқармасының басшысы.

8 жылын мешітте, 8 жылды мемлекеттік қызметте атқарған басшы Сапарбаевтың «сабалауымен» жұмыстың дәмін енді татып жатқанын ашық айтты. Ол күн қысқарғандағы намаз оқу кедергілерін лауазымының арқасында оңай шешіп жатқан болып шықты.

«Әкімшілік ғимаратында, мемлекеттік мекемелерде намаз оқуға рұқсат етілмейді. Үйіңнен оқисың, болмаса мешітке барып оқисың. Екінті намазы сәл қиындау, жұмыс уақытында мешітке барып оқимыз, болмаса қаза қылып оқуға тура келеді. Әкімшіліктің ішінде оқи алмаймыз, оны біреу көріп қалса «Мемлекеттік орында намаз оқып жатыр» деп шағымдануы мүмкін. Мен әрбір жұма намазды әр мешітте өткізуге тырысамын. Намаз уақытында мешітке барып, жамағатпен жүздесіп, жұмысымды да атқарып келемін», - дейді молда.

Бауыржан Есмахан сымбатты киінетін шенділердің қатарында. Отбасы да кедей тұрмайды. Оны әлеуметтік желідегі қымбат жиһаздарынан көруге болады. Парақшадағы қолдаушыларына өзін әртүрлі жағынан көрсетіп отыратыны жасырын емес. Ол осыдан 3-4 жыл бұрын жергілікті телеарнаға сұқбат беруге барғанда қымбат қалпағын ұрлатып алған болатын.

Молда молшылықта өмір сүргенімен салоннан су жаңа көлік алып көрмегендігін айтады.

«Қазір жеке көлігім жоқ. Менің жеке көліктерім болды. Осы қызметте жүргеніме 16 жыл болды. Осы кезде 2-3 көлігім болған екен. Салоннан жаңа көлік алып көрген адам емеспін. Бірнеше жылдан бері жеке көлігім жоқ», - дейді ол.

Ақтөбеде Бауыржан Есмахан ірі көлемде қарыз алып, қайтармай жүр деген қауесет бар. Есмахан мырза оның өзіне қатысы жоқ екендігін айтады.

«Адам өмірі болғаннан кейін қарыз алып, беріп тұрам. Қарызды ақыретке дейін қайтару керек. Несиеге жоламаймын. Бұрын алғым келген уақыт, қажеттілік болды, бірақ, несиені тәуір көрсеймін. Таныстарым көп болғаннан кейін пайызсыз солардан аламын», - дейді Есмахан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1014673-aqtobelik-bay-molda-ali-kunge-deyin-qa/

pixel