Қазақстандық ер азаматтар әйелдеріне отбасы бюджетін сеніп тапсыра алмайды
Жарияланған күні:
Отбасылық бюджетті бір адамның басқаруы тиіс немесе ортақ қаржыны сақтау керек деген бірыңғай ереже жоқ. Әрбір отбасы бұл мәселені өздері шешеді. Отбасындағы қаржы мәселесін әйел әлде ер адамның басқарғаны дұрыс па? Осыған қатысты NUR.KZ тілшісі қазақстандықтардың жеке пікірін біліп көрді.
Сауалнама барысында әлбетте ерлер бірден отбасылық бюджет үйдегі отағасының қолында болуы тиіс десе, әйелдер қаржы нәзік жаңдылардың қолында болуы шарт деп санайтындарын жасырмады. Алайда кейбір адамдардың жауаптары бізді таңырқатты. Бұдан басқа сауалнамаға қатысушылардың көбі бюджет және шығындар әсіресе қомақты қаржылар ортақ болуы шарт деп санайды.
"Барлығы әйелде болған соң ақшаны әйел адам сақтауы тиіс. Ал отбасында табыскер ер адам болуы керек!", - дейді Күләш.
Бауыржан есімді жігіт бюджет ортақ болуы керек деген ойда. Ол өз үйінде қаржыны ер адам ұстайтынын жасырмады.
Жоғарыда сауалға жауап беруші айтқандай Бауыржан табыскердің нақ өзі. Оның әйелі қазіргі уақытта жұмыс істемейді. Сонымен қатар ол отбасылық бюджетті әйел адамның басқарып отыруына да жол беретін атап өтті.
Ер азаматтардың кейбірі Бауыржанның сөзіне қосылды. Мысалы әлі отбасылық өмірдің ащысы мен тұщысын көрмеген Равиль, есімді жас жігіттің ойынша, қаржыны ер адам басқарып, әйелдер оны дұрыс жарата білуі керек.
Александрдің бұл істе үлкен тәжірибесі бар болып шықты. Оның ойынша, қаржы ерлі-зайыптылардың екеуінің де қолында болуы тиіс.
"Кейде ер адамға, кейде әйел адамға өзіне керек дүниені алу керек қажет болады. Сондықтан қаржы екіжақта болғаны жөн", - деп пікірін білдірді ол.
"Менің үйімде барлық қаржыны анам басқарып отырады. Біздің менталитетімізде отбасындағы табыскер ер адам болуы шарт. Алайда қазір ер де, әйел де жұмыс істей беретін заман болды. Отбасы ортақ сондықтан әйел мен ер адамның қаржысы да ортақ болуы керек. Алайда қаржы жағында басымдылық әйелде болғаны дұрыс, себебі ол үй шаруасындағы барлық жүмыстарды атқарып отыр", - дейді Гүлнәз.
Зейнеткер Людмила Степановна отбасындағы қаржыны кім басқрауы тиіс деген сауалға күнделікті тұрмыстағы тәжірибеге сүйеніп жауап берді.
«Кім ақылдырақ сол дұрыс жұмсай біледі. Ал бұны көбінде әйел адамдар жүзеге асырып жатады. Қазіргі заманның жас әйелдерін қызықтыратын дүниелер көп. Олар керек емес заттарға көңіл аударып, қаржыны дұрыс жұмсай білмейді. Мен үшін қаржы өмір сүруім үшін қажет. Орташа көлемде зейнетақы алам, азғантай болса да өзіме жетеді. Менің күйеуімнің жасы 86-да болса да ол әлі жұмыс істейді. Егер оның қаржыны өзі басқарғысы келсе де ақшаны үнемдеп жарата алмайды себебі ол - өте мейірімді оның көптеген туыстары бар" - деп түсіндірді зейнеткер.
Қарлығаш сұраққа жауап берерде ойланып қалды. Содан кейін бұл жағдайға барлық жағынан қарап, жауабын бермекші болғанын мойындады. Оны жауабы да таңғаларлық:
"Отбасын көтеруге түрткі болған адам үйде қаржыны басқаруы тиіс. Себебі оның ертеректе отбасы жайлы ұғымдары қиындау болды. Енді ол қалауына жауапкершілікпен қарайды. Кейде әйелдер немесе керісінше ер азаматтар бір-бірне жол көрсетіп жатады. Яғни ол адам отбасын құруға толыққанды дайын және сол үшін жауап береді, соныдақтан оған қаржыны басқару оңай болады. Және қаржыны кім басқаруы керек екенін де өзі шешеді. Менің ойымша, шығындар ортақ болуы тиіс. Отбасы бұл үлкен әлем", - дейді бойжеткен.
«Менің ойымша әдеттегідей әйел адамның басқарғаны дұрыс", - деп өз көзқарасын білдірді Гүлнәр.
«Себебі әйел адам отбасы үшін жауап береді. Ер адам табыс табуы керек ал әйел ақылды болуы тиіс. Бір заттарды сатып аларда ер адаммен ақылдасып шешім қабылдау керек. Өйткен ол қаржының қайда кетіп жатқанын біліп отырғаны абзал. Ал әйел өз табысын отбасына әкелу керек. Себебі бастысы отбасы мен балалар. Ал тек өзіне ғана жарату бұл өзімшілдік», — деп санайды Гүлнәр.
Виталий әлі үйленбеген, алайда оның ойынша, ер адамның отбасындағы қаржыға иелік етпеуіне оның тек зиянды әдеттерге әуестігі ғана кедергі бола алады.
«Ер адам отбасының басшысы. Құдай бірінші ер адамды жаратқан. Ал оған көмекші ретінде әйел адам жаратылған. Егер ер адам алқаш немесе нашақорға тәуелді болмаса қаржы оның қолында болуы тиіс. Өкіншке орай мен әлі үйленбедім», - деді ол.
Виталий егер әйел адам отбасы құруға бел байласа онда жұмыс істеуге міндетті деп санайды. Ал табысын ортақ "қазанға" салуы қажет деген ойда.
«Егер ол жеткілікті табыс тапса, жартысын "ортақ қазанға" жартысын өзіне қалдырса болады. Егер олай болмаса онда қалайда амалын табу керек. Кім жұмыс істемейді ол тамақ ішпейді дегенді коммунистер ойлап тапқан жоқ қой, ол Библияда жазылған. Егер бірінің жұмыс істегісі келмесе, онда тамақ ішпесін! Әрбір адам жұмыс істеуге міндетті!» — дейді Виталий.
Осы күні айтылғандардан шығарылған қорытынды жалпы алғанда қуантарлық жағдай десе болады. Себебі әрбір сұхбат беруші отбасында кез-келген үлкен, кішкенен ғана шығындар болсын оны екінші жартысымен ақылдасып ғана жұмсау керектігін сеніммен айтты. Бастысы қазақстандықтар үшін отбасының құндылығы бірінші орында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1022596-qazaqstandyq-er-azamattar-ayelderin/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.