Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында ұлттық парктегі бұланды қасқыр жеп кетті (фото)

Опубликовано:

Баянауыл ұлттық паркінің аумағында бұланның қалдықтары табылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Агенттікке суреттерді жіберген туристердің айтуынша, жануарды браконьерлер өлтірген. Ал, ұлттық парктің басшылығы басқа пікірді ұстануда.

"Рейд барысында қорықшы мен тәртіп сақшысы бұланның өлексесін тапқан. Аталмыш жағдай ресми тіркелді. Ешқандай қылмыстық іс қозғалған жоқ, себебі жануар қалдықтарының маңында көліктің немесе адамдардың ізі жоқ. Жақын жерде иттің ізіне қарағанда сәл үлкендеу іздер жатыр. Шамамен, бұл қасқыр болу керек", - деп атап өтті Баянауыл ұлттық паркі басшысының орынбасары Қуандық Күншуақов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта аңшылар аңға шықпайды, себебі тауда қалың қар қар түскен. Дегенмен бұл қасқырларға бөгет болмайтын көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1031655-pavlodar-oblysynda-ulttyq-parktegi-b/

pixel