jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Дариға Назарбаева: Біздерге жақын арада қытай тілін үйрену керек

    : UGC

    Болашақта қазақстандықтар қытай тілін үйренуі керек. Премьер-министрдің орынбасары Дариға Назарбаева осылай мәлімдеді.

    Бұл туралы Қазақстан жаңалықтарына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

    "Бүгінде біз балаларымызға кем дегенде үш тіл үйретуіміз керек (қазақ, орыс, ағылшын). Жақын болашақта біздерге қытай тілін білу керек болады", - деді Назарбаева.

    Сондай-ақ, вице-премьер Қытайдың үлкен қарқынмен дамып келе жатқанын айтты.

    "Қытай - біздің жақын досымыз, ірі сауда әріптесіміз және ел экономикасындағы ірі инвестор", - деп атап өтті Назарбаева.

    Сонымен қатар, Назарбаева ағылшын тілінің маңыздылығына да тоқтап, әлемдегі барлық әдебиеттер мен барлық ғаламтор ағылшын тілінде екенін атап өтті.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.