Желі пайдаланушысы қазақтың бесікке салу дәстүрін жындыханадағы "Смирительная рубашкаға" теңеді
Жарияланған күні:
Бесікке таңып тастау – жындыханадағы "смирительная рубашка" немесе түрме сияқты нәрсе. Facebook әлеуметтік желісінде осындай пікір білдірген Айдос Аманбай есімді желі пайдаланушысының жазбасын "Алаш айнасы" жария етті.
"Мен баланы бесікке салуға қарсымын! Бесік баланың аяғын түзейді" деген ойдың өзі де топастық. Әлемде бесікке жатпайтын қаншама ұлт бар. Кез-келген орысқа қараңыз. Солардың аяғы оқтаудай, бойлары құрықтай. Қазақтар бесікте бес жыл жатсақ та бұтымыз талтақ, қазан бас, жалпақ бет, бойымыз мыртық, ойымыз жалтақ. Тіпті қатты таңып құндақтаудың өзі баланың дамуын тежейді әрі кері әсер етеді. Мидың қабілетін өлтіреді. Қазақтың көнбіс, жуас болатын себебі – туған сәтінен бастап, тыпырлатпай бесікке таңып – еркіндіктен, бостандықтан айырып тастаған", - деп жазған ол парақшасында.
Аманбай бесікке бөлеу ешқандай гигиенаға жатпайтынын алға тартты.
"Бесікке бөлеу ешқандай гигиена да емес. Бұрын бабаларымызда жағдай жоқ еді. Қарапайым жаялық болмаған. Киіз үй. Ысты-суық ауа райы. Көшпелі өмір. Сиыр сауу керек, тезек теру керек, бала жатқан жерінен құлап қалмауы керек. Енді біржола бас тартатын уақыт жетті ғой. Бесікке салу мен памперс кигізу – өз жағдайын, тыныштығын, қолбостығын ғана ойлайтын аналардың еріншектік, жалқаулықтарын жасыру. Түнде ұйқысынан оянбау, күндіз сериалдан бас алмай, жаялық жумаудың амалы", - деп жалғастырды ол.
Желі пайдаланушысы сәбиді бесікке таңу жазаның түрі екеніне сенімді.
"Байғұс сәбиді бесікке қатты таңып бір жазалайды. Байлап-матап оның жауырынын жабыстырып, сосын оның арқасын керіп шырылдатып екінші рет жазалайды. Оны жібітеміз деп қойдың құйрық майына шылап, үстін қабаттап жауып, теріге малшынтып үшінші рет жазалайды. Жаны қиналып жылаған баланы жұбатамын деп бесікті екі жаққа әрі-бері шайқап төртінші рет жазалайды", - деп өз ойын білдірді Аманбай.
Одан әрі Аманбай "балалар шайқалту синдромынан өмірінің алғашқы жылында өліп кетуі мүмкін" деген дәрігерлердің сөзін келтіреді.
"Чрезмерное укачивание делает детей инвалидами. «Синдром укачивания» – болезнь движения. Это борьба между двумя чувствительными анализаторами: зрительным и вестибулярным. По оценке Общества педиатров около 10% детей, погибающих в течение первого года жизни, умирает по вине собственных родителей от так называемого "синдрома укачивания" - дейді дәрігерлер. "Бала өз қолынан өзі шошиды" деген аргумент те дұрыс емес. Өйткені адамның шошынғанын қол-аяқ, тұла бойының селк етуінен білеміз. Ал бесікте қол-аяғы таңылып жатқан баланың шошынғанын қайдан білеміз?", - деп жалғастырды ол.
Сөз соңында Аманбай бұл пікірге қарсы болғандарға сәбидің басынан кешкенін кешіп көруге кеңес берді.
"Егер кімде-кім қарсы болса сәбидің басынан кешкенін кешіп көрсін. Егер нәресте кезінде басынан кешкендер болса олар кездейсоқ тірі қалғандар", - деп түйді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1041835-zheli-paydalanushysy-qazaqtynh-besikke/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.