Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда марганцовка ішіп, күйіп қалған балақайға шұғыл көмек қажет (фото)

Опубликовано:

Алматыда 6 жасар бүлдіршін марганец езіндісін ішіп, тыныс алу мүшелері мен жұтқыншағы толықтай күйіп қалған. Оқиға 4 жыл бұрын болған дейді балақайдың ата-анасы NUR.KZ порталына берген сұқбат барысында.

«Әсет 2 жаста болған кезде абайсызда химиялық ұнтақты аузына салып, артынша жұтып қойған. Салдарынан көмейі, өңеші түгелдей күйіп қалды. Содан бері 15 рет шекара асып түрлі ем алғанымызбен тыныс жолдары әлі қалыпты жұмыс істемейді. Қазір ол арнайы аппараттың көмегімен ғана тіршілік етіп жүр», - дейді Әсеттің әкесі Қуандық Жиенбеков.

Марганцовканың құрбаны болған балақайды ата-аналары 15 рет Түркияға апарып, емдетіп қайтыпты. Шетелдік дәрігерлер күйіктен жабылып қалған өңештің 30 пайызын қалпына келтірген. Алайда, жоғарғы тыныс алу жолдары әлі жабық тұрғандықтан, балақай қою тамақ жемек түгіл, арнайы құрылғысыз өздігімен тыныстай да алмайды.

Әсеттің ауруын емдеудің бір жолы бар. Оңтүстік Корея мен Израильге апарып тыныс жолдарға ота жасатуға болады. Оның құны 25 мың АҚШ долларының үстінде. Алайда, көп балалы отбасы мұнша қаржыны өздері табуға қауқарсыз. Сондықтан да қайрымды жандардан Әсеттің толық жазылып кетуі үшін көмек қолын беруді сұрайды.

Отбасының телефоны: 8 707 197 06 30

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1050219-margancovka-iship-kuyip-qalghan-balaqa/

pixel