jitsu gif
Бос уақыт

    Қытайлар қазақтың домбырасын өздерінің ұлттық аспабы деп көрсетті (фото, видео)

    : UGC

    Қытай тарихи телехикаясында қазақтың домбырасын өздерінің ұлттық аспабы ретінде көрсеткен деп хабарлайды Қазақпарат.

    Жақында Қытайдың ұлттық телеарнасында көрсетіліп жатқан тарихи «Жие Юй ханшайым» телехикаясында көшпелілердің домбырасына қатысты дау шықты. Көп бөлімнен тұратын фильмде б.з.д 1 ғасыр дәуіріндегі Қытай Хан династиясымен қазақ тарихындағы Үйсін тайпасы арасындағы тарихи байланыс бейнеленген.

    Телехикаяның 21-бөлімінде бастапқы минуттарында Үйсін елінің патшасы яғни күнбиі Елжаудың алдында жаңа түскен қалыңдығы Хан династиясының ханшасы Жие Юй қытайдың ұлттық аспабымен ән айтады. Жақсылап қарасақ, қалыңдықтың қолындағы музыкалық аспап Қазақстанның Мемлекеттік туындағы күннің суреті әрі оюы салынған қазақтың кәдімгі домбырасы. Оны кейіпкер «қытайдың ұлттық аспабы «Пипа» деп таныстырады.

    Бұл көрініс тез арада елдегі танымал Sina Weibo (Туитердің баламасы) және WeChat әлеуметтік желісінде кеңінен талқыланып, қытайдағы қандастарымыздың наразылығын тудырды. Наразылықтың өршуіне байланысты, тарихи киноны түсіруші топ Sina Weibo келтеблогының ресми парақшасында қазақ халқынан кешірім сұраған жазбасын орналастырды.

    Қытайдың тарихи деректерінде «Пипа» көшпенді ұлттар арасында кең таралған музыкалық аспап ретінде жазылады. Қытайдың Тан династиясы дәуіріне дейін көшпенділердің шертпелі музыкалық аспаптың барлығын қытай халқы «Пип» деп атап келген.

    Еске сала кетсек, 42 бөлімнен тұратын тарихи телехикая «Жие Юй ханышайым» Қытайдың ұлттық телеарнасы «Қытай орталық телеарнасында» (CCTV) көрсетілуде.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.