Өскеменде такси жүргізушісі әйелін көлікте өзі босандырып алды
Жарияланған күні:
Шығыс Қазақстан облысы Глубоковский ауданында такси жүргізушісі әйелін көлікте өзі босандырып алды деп хабарлайды NUR.KZ порталы yk-news.kz сайтына сілтеме жасап.
Владислав пен Елены Зайдельдің баласы 28 ақпан күні дүниеге келген.
Ер кісі таксиші болып қызмет етеді. Оның экстремалды жағдайларға кәсіби тұрғыдан дайындығы бұл жағдайды еңсеруге септік тигізген болуы керек. Ол толғағы қысқан жарын сәтті босандырып, оларды Ана және бала орталығына жеткізген.
Елена мен Владислав Зайдельдің отбасында бүгінде алты бала бар.
36 жастағы Еленаны Белоусовкадағы үйінде толғағы қысып, бірден перзентханаға асыққан.
«Мен асықтым, себебі бесінші балам жол ортада туылуға шақ қалды. Роберт перзентхананың лифтінде дүниеге келді. Күйеуім екеуіміз мұндай жағдайға тағы да тап болмауымыз керек деп шешіп, перзентханаға ертерек бармақ болдық», — дейді Елена.
Дегенмен олардың жоспары іске аспай, нәресте тура көліктің ішінде дүние есігін ашқан.
«Күйеуім менің емханаға дейін шыдауымды сұрап, жалбарынды. Алайда бірнеше минуттың ішінде су кетіп қалды. Көлікті жол ортада тоқтатуға тура келді. Мен Владты барынша тыныштандыруға тырыстым. Не істеу керектігін айтып отырдым. Еш қорқыққан емеспін, тәжірибелі анамын ғой. Тек күйеуім баламның кіндікке оралып қалғанын айтқанда қорықтым. Балам тұншығып қалмаса болғаны деп алаңдадым. Бақытымызға орай бәрі сәтті өтті. Кіндігін Ана мен бала орталығында бір-ақ кесті. Әрине, күйеуім қаһарман. Владтың медицинаға еш қатысы жоқ таксиші екенін ескеретін болсақ», — дейді жас ана.
Владислав Зайдель өз әріптестерімен алған әсерлерін бөлісті. Оның сөздерін таксидің PR-қызметі келтірді.
«Жігіттер! Жолда әйелімді босандырып алдым! Есеңгіреп тұрмын. Перзентханаға дейін жеткізіп үлгермедім, өзім босандырдым. Әлі есімді жинай алар емеспін. Сол сәтте қорықпай бәрін дұрыс қабылдап едім. Ал қазір келе жатып, қолым дірілдеп келеді. Күлкім келіп отыр. Ұлым дүниеге келді!», – дейді сәбидің әкесі.
«Ұлымыздың есімін Эмиль деп қоятын болдық. Күйеуім екеуіміз немістерміз, сондықтан есімін ата-бабасының құрметіне бердік. Баламыз көлікте бекерден тумаған сияқты. Күйеуім таксиші, ал өзім «Казцинкте» жүргізушімін. Эмиль енді білікті шопыр болуға міндетті деп ойлмаймын», — деп күледі әйел.
Ана мен бала орталығы нәресте мен әйелдің жағдайы жақсы екенін айтып отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1060108-oskemende-taksi-zhurgizushisi-ayelin-k/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.