Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда қалталы азаматтарға "қызмет көрсететін" арнайы клуб ашылды

Жарияланған күні:

Қазақстанда жарынан жалығып төсектес болуға сырттан жас қыз іздейтіндерге арнайы клуб ашылды деп хабарлайды NUR.KZ порталы "Экспресс К" басылымына сілтеме жасап.

Клубқа барып жүргендердің бірі өз есімі мен клуб атауын және орналасқан жерін жасырын сақтауды жөн көрген. Басылымға сұхбат берген азамат мұндай клуб отбасын сақтап қалуға септік болғанын жасырмады.

"Әрине, оларда өте қымбат. Тіпті қаражатым жетпей, тек жартыжылдық абонементін ғана сатып алдым. Дегенмен ақшаңды ақтайды. Өзімді еркін сезіне бастадым. Ең бастысы, отбасымды сақтап қалдым. Жұмыстан басқа жаққа бұрыла бастасам, жарым бірден сезіктенеді. Бірге 30 жылымыз өтті, бала, немере сүйіп отырмыз. Жас қызға әуестігім үшін отбасымның шырқын бұзғым келмейді", - дейді ол.

Ер кісі клубтың есігі егде жастағы азаматтарға кез-келген уақытта ашық екеніне риза болған.

"Қалаған уақытыңда келесің. Зал қашан да жартылай қаңыраған күйде, себебі мұндай қымбат қызмет түрі әркімнің қалтасына шақ келмейді. Жарты жылдық абонементтің өзі көліктің құнымен бірдей. Айнала мәрмәр мен хрусталь. Жаттықтыру құрылғылары, сауна, бассейн. Ең бастысы - жас қыздар. Дене бітімнен көз сүрінетін бойжеткендер қасыңа келіп жаттыға бастағанда, ұнатқаныңды таңдайсың. Қасындағы сүлгісінің үстіне өз сүлгіңді қойсаң оны тап қазыр қалайтыныңды білдіресің. Ал егер сүлгіні үстіне емес, қасына қойсаң онымен кейінірек қосылғың келетініңді байқатасың. Артық сөз жоқ. Бойжеткен үндеместен жеке бөлмеге кіріп кетеді. 5-10 минуттан кейін артынан барып, әңгімесіз қалаған ісіңе кірісесің. Ол үшін бойжеткенге ешқандай қосымша ақша төлемейсің. Үйіңе жаттығудан келгендей терлеп қайтасың, әйелің де ештеңе сезбейді", - деп баяндады клуб мүшесі.

Клуб әкімшілігінің өкілі оларға көбіне егде жастағы азаматтар келетінін алға тартты.

"Біздің клиенттер жасы келген азаматтар. Артық ауыз әңгімені қажет етпейді. Олар ақшасын төлесе, қалғанын өзіміз бақылаймыз. Есімі де, әрекеттері де жария болмайды. Тіпті жедел түрде медициналық көмек көрсету жағы да қарастырылған. Біз өз кәсібімізді жақсы дөңгелетіп отырмыз және ешкімге орнымызды бермейміз", - дейді клуб өкілі.

Еркен Омаровтың материалынан аударылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1061532-elimizde-zharynan-zhalyghyp-tosektes-bo/