Қазақ хандығындағы әйелдер құқығы қандай болған?
Жарияланған күні:
«Жеті жарғы» дала заңдарының жинағында әйелдер құқығы туралы да баптар баршылық. Олар әйелге сый-құрмет көрсетуге, жазықсыз айыптамауға үндеген. Қазақ хандығында әйелдер құқы қандай болған? Корреспондент басылымы зерделеп көрген еді.
Әйелді ренжіткен адам одан кешірім сұрауы тиic, сұрамаған жағдайда арсыздығы үшін айып салынады. Сондай-ақ, ер азамат жақын туысымен, өз руының қызымен некелесуіне қатаң тыйым салынған. Ол үшін өлім жазасына кесіліп отырған. Немесе сол рудың талқысына берілген.
Мәселен, «Жеті Жарғы» бойынша әйелі epінің көзіне шөп салса, яғни зинақорлықпен айналысса және күйеуі оны сол сәтте ұстап алса, өлтіруге құқылы, бipaқ қылмысты сол сәтінде жариялауы тиіс. Егер де әйелдің көзіне шөп салды деп күмәнданған еркектің сөзін 4 сенімді адам теріске шығарса, әйел жазадан босатылған.
Әкeci баласын жазалауға құқылы, ол үшін жауапты болмаған. Бipaқ баласына енші беруге міндетті. Сондай-ақ, қызын құда түсе келген адамның ұлына беруге, баласының қылмысы үшін айып төлеуге міндетті.
Бәйбішенің құқығы тоқалдан едәуір артық болған. Егер ол айғақтайтын негіз тапса, ақсақалдар билігінің рұқсатымен күйеуін тастап, төркініне кетіп отырған. Бұндай құқық тоқалға берілмеген.
Ер баланың қыз баладан құқығының артықшылығы сол – әкесінен қалған мал-мүлікке мұрагер бола алады. Күйеуге шыққан қызы мұндай құқықты пайдалана алмаған. Ал, үйдегі қыз ер балаға тиесілі мұраның жартысын иеленуге құқылы еді.
Ол кездің заңында қыз бен жігіттің үйлену жасы нақты көрсетілмеген. Бірақ балиғатқа жеткен ұл мен қыздың некесін қия берген. Балиғат жасы ер бала үшін – 13, қыз балаға – 9 жас. Екі жасты үйлендіру үшін қалыңмал төлеу, ұрын бару секілді жоралғыларды орындаған.
Егер eкi жас қосылмай тұрып, бipі өлсе, айталық қыз бала марқұм болса, онда күйеу жағы қалың төлеуден босатылмаған. Жігіт сол үйдің басқа қызына үйленген. Ал егер ұл бала қайтыс болса, қыз баланы оның iнici әйелдікке алады. Eкi жақ келіскен жағдайда да ауызша келісімшарттар бұзылып, берілген қалыңмал қайтарылған.
Неке бұзу жайы да заңда қарастырылған. Айталық, әйелі сенімсіздік танытатын болса күйеуінің ырқымен ажырасуға құқылы. Мұндай жағдайда балалар әкесінің қолында қалған. Керісінше, әйелі опасыз болып шықса да балалар әкесінің қамқорлығына беріледі.
«Жеті Жарғы» заңында күйеуі әйeлiмен еш себепсіз ажырасатын болса, онда балалар шешесінің қамқорлығына берілетіндігі айтылған.
Жесір қалған әйел қайтыс болған күйеуінің ағасына не інiciнe әмеңгерлік жолмен әйелдікке беріледі. Марқұмның балалары мен мал - мүлкі де бауырының жауапкершілігіне өтеді. Егер жесір әйел әмеңгерлік жолмен күйеуге шыққысы келмесе, онда балалары балиғатқа жеткенше, мал-мүлік, балаларына өзі бас-көз болады. Жесір әйелге мұраның сегізден бipі тиесілі болған.
«Жеті жарғыға» сәйкес, әйелді зәбірлеген, зорлаған адам өлім жазасына кесіледі. Адам өлтіру мен әйел зорлау екеуі бір дәрежедегі ауыр қылмыстар санатына жатқызылған. Кей жағдайда әйелдің күйеуі немесе күйеуі жоқ болса, туыстары қорлаған адамды кешіруі де мүмкін. Ол жағдайда қылмыскер арнайы белгіленген айыпты төлеп, жазадан құтылған. Ал, егер бойжеткенді зорлап кетсе, айыпкер оған үйленуге тиіс. Бірақ ол үшін қалың малын және айыбы үшін бір тоғыз төлейді. Жалпы, «Жеті жарғының» бір тармағы түгелдей жесір дауына арналған. Төле, Қазыбек және Әйтеке билердің көрегендігі мен данышпандығы осы тармақта айрықша көрініс табады. Мәселен, біреудің әйелін келісімсіз алып қашса қалай болады? Бұл Тәуке хан заңы бойынша қылмыскер өлім жазасына кесіледі немесе құнын төлеу арқылы жазадан құтылады. Ал, әйелді келісімімен алып қашса қалай болмақ? Онда, оның күйеуіне қалың мал төлеп, оған қалыңсыз қыз беpу арқылы алып қашқан әйелді өзіне жар ете алады екен.
Қaзipгi қылмыстық кодексте әйелді еркіне қарамастан алып қашу бабы ғана бар. Ал, біреудің әйелін оның келісімімен алып қашатын болса, жазасы белгіленбеген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1065698-qazaq-khandyghyndaghy-ayelder-quqyghy-qa/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.